Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттар халыққа жерді таратып беруді ұсынды

c 18:50, 03/02/2021 c 522

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттары  әр отбасына 20 сотық жерді тегін таратып беруді ұсынды. Мәжілісмендер үкімет басшысына жолдаған сауалында халыққа жер беру арқылы кедейшілік мәселесін шешуге болады. Себебі олар өз үйін салып қана қоймай, жеке шаруашылығын да жүргізе алады деді. Сондай-ақ, бағасы шарықтап отырған баспананың шаршы метріне шекті баға қоюды ұсынды.

Бәрі сатылады. Жер де сатылады. Ал бағасы шарықтап тұрған жерді сатып алуды кез-келгеннің қалтасы көтермейді. Қалаларда әрбір адамның 10 сотық жерді алу құқығына қатысты норма жұмыс істеп тұрған жоқ. Жалпы қазақстандықтарға жер беру мәселесін шешуге құлшынып тұрған әкімдік жоқ дейді мәжілісмендер.  Тек елорданың өзінде жекеменшік үй салуға арналған 10 соток жердің құны 20 миллион теңгенің үстінде. Депутат Айқын Қоңыров үкіметке әрбір отбасыға 20 сотық жерді таратып беруді ұсынды. Оның айтуынша, қазақстандықтарға  жерді тегін тарату арқылы кедейшілік мәселесін шешуге болады. Себебі олар өз үйін салып қана қоймай, жеке шаруашылығын да жүргізе алады.

Айқын Қоңыров – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -"Қазақстан халық партиясы үкіметті әрбір адамға өз үйін салуына жағдай жасауға үндейді. Жер телімін беру – бұл аса маңызды міндет. Оған бөлек бір бағдарламаны немесе ұлттық жобаны арнасақ та, артық болмайды. Өз үйің бұл жай баспана ғана емес, ол – қазақстандық отбасының экономикалық қауіпсізідігіне салынған инвестиция, әл-ауқаттың негізі, қосымша кірістің көзі. Сондықтан 20 сотық жерді таратуды кедейшілікпен күрес пен ауқатты қоғамды құру ретінде қарастырған жөн».

Депутаттар Қазақстанда тұрғын-үй бағдарламаларына қыруар қаражат бөлініп жатқанымен,  орташа деңгейдегі отбасын баспанамен қамту мақсаты жоқ. Халықтың басым бөлігінде тұрғын үй жағдайы жақсармай жатыр. Қарқынды құрылыс әлеуметтік міндеттерді шешпей, инвесторлар мен құрылыс компанияларының баюына ғана жағдай жасап отыр - дейді . Бұл орайда  Аманжан Жамалов үкіметке баспананың шаршы метріне шекті баға  қоюды ұсынды. Әрине билік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырып, қыруар қаржы бөліп жатыр. Өткен жылы «Баспана-Хит» бағдарламасына 431 млрд теңге бөлінді. Оған қоса, қазір зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін баспана жағдайын жақсартуға пайдалануға мүмкіндік жасалуда. Осылайша, тұрғын-үй нарығына триллиондаған қаражат құйылып жатыр. Осыған қарамастан құрылыс компанияларының тәбеті артып барады дейді депутат Жамалов.

Аманжан Жамалов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Алып –сатарлыққа құнығып алған құрылыс компанияларының тәбеті тым артып барады. Ипотеканы мемлекеттік субсидиялау  көбейіп отырғаны белгілі. Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілді. Осыны пайдаланып, олар баспанаға бағаны шарықтатып отыр.»

Осы орайда, депутат үкімет пен бәсекелестікті қорғау агенттігіне барлық мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша баспанның шаршы метріне шекті баға қоюды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.