Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕМОГРАФИЯНЫҢ ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ?

c 14:28, 12/03 c 26

0:00 / 0:00

Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті деп сүйіншілегенімен. Бұл елдегі демография мәселесін шешіп отырған жоқ. Бала туу саны өскенімен, азаматтардың өмір сүру сапасына қатысты сұрақ көп. Ал мемлекеттен бөлініп жатқан жәрдемақылар көлемі отбасының материалдық жағдайын жақсартып тастап жатыр деп айтуға келмейді. Тағы бір себебі-қазіргі таңда экономикалық және демографиялық белсенді топ өкілдерінің шетелге тұрақты тұруға көшіп кетуі де халық санына кері әсер етуде. Елге келушілерден басқа мемлекетке қоныс аударушылардың саны әлдеқайда көп. Бұдан бөлек, жол көлік оқиғаларынан, құрылыс нысандарында болған келеңсіз жағдайлардан қаза тапқан, не денсаулығын нашарлатып алған азаматтарымыздың көп¬тігі де демографиялық өсімге кері әсерін тигізуде. Сондықтан осы мәселеге де жоғары деңгейде мән берілуі тиіс дейді депутаттар. Қазақстанда бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. 1-3 балаға 140 мың теңге, төрт, одан көп балаға 232 мың теңге беріледі. Алайда, бұл қаражат жеткіліксіз. Депутаттар үкіметтен көрші Ресейдегідей Ана капиталын енгізуді сұрады.

Депутат Танашеваның айтуынша, елде демографияны дамытуға арналған бөлек орган жоқ. Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінде жастар және отбасы істері комитеті ғана бар. Оның ішінде отбасы басқармасында 4 адам ғана жұмыс істейді. Тіпті елде демографиялық саясат туралы қабылданған заң да, тұжырымдама да қабылданбаған. Халық санының өсімі бойныша көріш Өзбекстаннан әлдеқайда артта қалып қойдық дейді депутаттар. 32 жыл ішінде біздің халықтың өсімі небәрі 4 миллионға, ал көршілес Өзбекстанда осы кезеңде халық саны 15 миллионға өсті.

Әлем бойынша Қазақстан халқының саны аз елдер қатарында 184 орында тұр. Кең байтақ жеріміздің 100 гектарына 7 адамнан келеді. Депутаттар «Бос жатқан жер жау шақырады» демекші демография мәселесін кешеуілдетпей шешуіміз керек дейді. Бұл орайда қызылдар партиясының өкілдері шетелдегі қазақстардың Ата жұртына келуін арттыруды ұсынады. Ол үшін Үкімет отанына оралғысы келетін қандастарға жағдай жасап, бюрократиялық рәсімдерді жойып, құжаттарды рәсімдеу процесін жеделдетіп, жеңілдіктер мен төлемдер алуға көмек көрсетуі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.