Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерлерге төнген қауіп

c 01:17, 17/04/2020 c 462

0:00 / 0:00

Пандемия жағдайында  науқастардың жанын аман сақтап қаламыз деп еңбек етіп жатқан дәрігерлердің өздеріне қауіп төніп отыр.  Қазақстанда 370 медицина қызметкері коронавирус  жұқтырды. Бұл жайында  денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева  онлайн брифинг барысында айтты. Вице-министр қауіпті індет жұқтырған дәрігерлердің арасында  ауыр науқастар жоқ дейді. Бұл жәйіт республиканың  13 өңірінде тіркеліп отыр.  Ең көбі Алматыда - 197 қызметкер, елордада - 92 қызметкер, Солтүстік Қазақстан облысында  -15 қызметкер, Атырауда - 17 қызметкер.

Адамзат үшін айтарлықтай қауіп тудырып отырған аты жаман дертпен күресте дәрігерлер алдыңғы шепте жүргені мәлім. Науқастың жанын аман алып қалуы үшін өз қауіпсіздігін ойлауға мүмкіндігі жоқ медицина қызметкерлері де бұл індетке шалдығуда. Елде 370 медицина қызметкері COVID-19 вирусын жұқтырғаны мәлім болып отыр. Оның ішінде 29% дәрігерлер, 48% орта медициналық қызметкер және 23% жас қызметкерлер.  Өздеріңізге мәлім, елдегі медицина ұйымдарында бірден дәрігерлер үшін жеке қорғану жағдайлары толық қамтылмады. Ақ халаттылардан мұндай шағымдары легі көп болды. Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп, оған көз жеткізгенін білеміз. Ерте туып, кеш қалған  министрлік, аурухана басшыларына талапты күшейтіп отырмыз деп ақталуда.

Ләззат Ақтаева – Қр денсаулық сақтау вице-министрі; «Дәрігерлер  кезекшілігі ауысқанда оқшаулануы керек. Медициналық ұйым басшылары дәрігерлерді жеке қорғану заттарымен толық қамту міндеттеледі. Сол үшін жауап береді. Барлық медициналық мекемелерде залалсыздандыру режимі қатаң сақталуы тиіс. Медицина қызметкерлерінің денсаулығын күн сайын қадағалап, дене қызуын тексеріп отыру қажет».

Өкінішке орай, қауіпті инфекция елордадағы «Шарапат» қарттар үйіне де жеткені мәлім.  Онда осы мекеменің қызметкерлерінен вирус анықталғанды. Қариялар арасында қауіпті  індетті жұқтырғандар жоқ.  Мұнда қариялардан басқа, арбаға таңылған мүгедектер де бар.

Ләззат Ақтаева –ҚР денсаулық сақтау вице- министрі; «Тексеру барысында вирустың қайдан келгені анықталды. Вирусты қарттар үйінің қызметкері әкелген . Тиісті залалсындандыру жұмысы жүргізілді. Бәрі  карантинде. Ауруханаға жатқызылғандары да бар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 7 қызметкер анықталды. Олар тестілеуді күшейту барысында анықталды. Барлық жабық мекемелердегі әлсіз топтарға тест жасалғанды. Бұл қарттар үйі осы санатқа жатады. Сондықтан онда жаппай тестілеу жүріп жатыр.»

Қарттар үйін пана еткен қариялар, мүгедектер толық жергілікті медициналық бақылауда.  «Шарапат» орталығында жалпы 85 қызметкер бар. Қызмет алушылардың саны 309. Бұған дейін Ақмола облысындағы  қарттар үйінде вирус тіркелгенді. Өкінішке орай, ол жерде 3 адам көз жұмғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.