Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігер  статусы

c 20:51, 18/07/2020 c 698

0:00 / 0:00

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің статусын  құтқарушылармен теңестіру керек. Салалық кәсіподақтар басшысы Әлиақбар Мәтішев мырза бүгін өткен онлайн-брифингте осындай ұсынысын алға тартты. Оның айтуынша, пандемия барысында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге құтқарушы мәртебесін беру керек. Ал қосымша қаржылай көмек беру медицина қызметкерлерінің бәріне теңдей болуы тиіс.  Сондай-ақ, қауіпті індетпен, пневманиямен ауырғандардың барлығы сауықтырудан өтуі тиіс. Және медицина қызметкерлерінің балаларына жағдай жасалу керек. Мәтішевтің пікірінше, карантинде жүрген ақ халатты абзал жандар  еңбекақысын толық көлемде алуы қажет. Дәрігер статусына қатысты толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Қазақстанның қауіпті індетпен күресіп, әлі бір нәтижеге келе алмай жатқанына 4 ай болды. Осы уақыт ішінде коронавирус жұқтырғандардың жанын сақтап қаламын деп күресіп жатқан ақ халатты абзал жандардың әлеуметтік мәселесіне қатысты сұрақтар да көп. Өміріне төнген қауіпті ойламай, науқас үшін жанын салып жатқан дәрігерлерді қорғау мәселесі кенже қалуда. Тиісті өтемақысы да дұрыс жетпей дау тудыруда. Енді кәсіподақтар федерациясы бұл мәселені дәрігер статусын белгілеп алып шешуді ұсынады. Яғни пандемия барысында індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне құтқарушылар мәртебесін беру қажет дейді одақ басшысы. Бұл дәрігерлерді әлеуметтік қолдау, қорғауға мүмкіндік береді. Үкіметке бұл ұсыныс жолданған. Келіссөз жүріп жатыр. Кәсіподақтар стационардағы барлық медицина қызметкерлері қосымша қаржылай көме калуы тиіс деп санайды. Оның ішінде дәрігерден бастап, медбике, санитар, күзетші де бар. Ал індет жұқтырған дәрігерлер қосымша ақшалай қолдау алуы тиіс. Еске сала кетейік, індет жұқтырғандармен байланыста болғандармен жұмыс істеген 50 мың медицина қызметкері ешқандай қолдау көрмеді. Стаицонардағы және емханадағы дәрігерлер қаржылай көмектен қағылды. Алайда, науқасты бірінші болып қабылдайтын солар. Ковидпен ауырып, емделіп шыққан дәрігерлер сауықтыру орындарына жіберілгені жөн дейді одақ басшысы. Бірақ қазіргі күні індетке шалдыққан қазақстандық медицина қызметкерлері сауығып шығысымен қайта жұмысқа кірісіп жатыр. Себебі, маман тапшы, науқас көп.

Әлиақбар Мәтішев – медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподақтар басшысы   « Ковидпен тіркеуде кәсіби ауру деп белгілеп, тиісті кепілдік берілу керек деп санаймыз.Бізге медицина қызметкерлеріне құтқарушылар статусын беру қажет. Осыны қолдауымыз керек.Пандемия барысында оларға азаматтық қорғаныс заңнамасына сәйкес барлық әлеуметтік қолдау жасалуы қажет».

Кейбір медицина қызметкерлері қорғаныс киімдерін өз ақшасына сатып алып та жатады. Бар қаржысына баспана жалдап, отбасынан оқшауланып,  жұмыс істеуде.  Кәсіподақтар бұл орайда үкіметке індетпен күресіп жатқан дәрігердердің балалары үшін балабақшаларда кезекшілік топ  ашуды ұсынады. Сондай-ақ, оларға тұрғын –үй жағдайын жасап, пәтер жалдауға өтемақы берген жөн деп санайды. Ал карантиде жүрген медицина қызметкерлері еңбекақысын толық көлемде алғаны дұрыс дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.