Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрі бағасын қадағалаңыз

c 09:27, 20/08/2020 c 506

0:00 / 0:00

Елдегі дәрі бағасын енді тұтынушы жіті бақылай алатын болады. Бүгін елордадағы дәріханаларға QR-код қойылды. Онда барлық перпараттың бағасының тізімі бар. Осы арқылы дәріханаға келген тұтынушы дәрі бағасын қолындағы ұялы телефонын QR-кодқа қойып, біле алады. Бұл дәрі бағасының шарықтап кетпеуіне мүмкіндік береді. Елдегі пандемияға байланысты денсаулық министрлігінің белгілі дәрілердің бағасы бекітілген бұйрығы шыққанды.

Еліміздің дәріханаларына дәрі-дәрмектің 10 млн қаптамасы таратылды. Денсаулық сақтау министрлігі 30 қыркүйекке дейін, 24 млрд теңгеге дәрімен қаматамсыз ететінін хабарлады. СК-Фрамация базасы аясында республикилық тұрақтандыру қоры да құрылды. Бұл мәселе аймақтарда да қолға алынғаны мәлім. Ендігі мақсат дәріханаларға түскен, панемдия барысында қажетті деген дәрі бағасының қымбаттап кетпеуіне жол бермеу. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы дәріханаларға шекті бағасы бекітілген дәрілердің тізімі таратылды. Өздеріңізге мәлім, қауіпті індет өршіген кезде елде дәрі бағасы  негізсіз шарықтап, вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін қажетті деген перпараттардың  тапшылығы орын алғанды. Қоймада үйіліп жатқан дәріні дәріханаға дер кезінде жеткізбегендер ендігі жауапқа тартылып жатыр. Осы жағдайдан соң қоғам белсенділері мен депутаттардан құрылған мониторингтік топ дәрі бағасын бақылауды өз қолына алғанды. Соның аясында бірқатар дәріхана қожайындарына айыппұл салынып, тіпті лицензиясынан айырылғандар да бар.

Қоғам белсенділері мен маслихат депутаттары ел астанасындағы дәріханаларды аралап, дәрі бағасы бектіліген QR-код қойып шықты. Онда барлық перпараттың бағасының тізімі бар. Осы арқылы дәріханаға келген тұтынушы дәрі бағасын қолындағы ұялы телефонын QR-кодқа қойып, біле алады. Бұл дәрі-дәрмектің қымбаттап кетпеуіне мүмкіндік береді. Мысалы, дене қызуын түсіретін парацетамол 35 теңгеден қымбатқа сатылмауы тиіс. Шекті бағасы 33 теңге.

Еске сала кетейік, ДСМ –ң бұйрығымен пандемия барысында сұранысқа ие болып отырған дәрілер тізімі мен бағасы бекітілген. Бұл дәрілерге бағаны өсіруге болмайды. Егер фармация саласындағы кәсіпкерлер ашкөздік танытып, дәрі құнын қымбаттатып жатса оларға айыппұл салынады.

Қазір елде дәрі тапшылығы жоқ деуге болады. Себебі, оны жасанды түрде жасағандар жауапқа тартылуда. Ал дәріханаға келушілер әрі жерде дәрі бағасы әртүрлі дейді.

Жалпы елде 9 мың дәріхана кәсібін өрбітіп отыр. Егер дәрі құны қымбатқа сатылып жатса, бірден тиісті органдарға шағым түсіру қажет деп кеңес береді жемқорлықпен күресушілер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.