Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дағдарыс бәрін көрсетті

c 20:15, 09/04/2020 c 560

0:00 / 0:00

Осы дағдарыс кезінде беті ашылған проблема - отырып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы болды. Сенаторлар бұл бағдарламаны  дереу қайта қарау керек деп отыр. Бүгін өткен Парламент Сенатының онлайн жалпы отырысында палата спикері Дәриға Назарбаева елдегі электронды қызметтердің жұмысын сынға алды.

Сенат төрағасы "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы дереу қайта қарауды қажет деген сын айтты. Өздеріңізге мәлім, қауіпті індет жайлап, қазақстандықтар карантин ережесімен қашықтықта үйден жұмыс істеуге көшті. Ал студенттер мен оқушыларды онлайн режимде оқытамыз деген үкіметтің жоспары іске жарамай қалды. Себебі, 2,5 млн оқушыны онлайн оқытуды «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы еңсере аламй қалды. Бағдарламаға бөлінген қыруар қаржы  қайда жұмсалды деген сұрақ туындайды. Енді оқушылар қашықтықта оқып жатыр. Оның өзінде мұғалімдерге  балалармен кері байланыс жасау үшін қажетті Күнделік кз порталы да тұралап тұр. Балаға білім беруді басты мақсатына айналдырған ұстаздар енді ватсап желісімен жүздеген оқушының үй тапсырмасын күн-түн көз майын тауысып тексеріп жатыр. Сенат спикері бүгінгі төтенше жағдайда цифрландыру бағдарламысының  юеті ашылып қалды дейді.Жоғарғы палата бұл бағдарламаны қайта қарамақшы.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының төрағасы; "Осы дағдарыс кезінде беті ашылған проблемаларды ескере отырып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын дереу қайта қарау керек. Депутаттар бюрократия Қазақстанның басқару жүйесі мен экономиканы цифрландыруда жедел жұмыс жүргізуге мүдделі емес екенін, статистиканы бір ретке келтіру туралы бірнеше мәрте айтқан болатын. Біз енді көріп отырғанымыздай, бұдан әрі күтуге болмайды. Қимыл-әрекет жасауымыз қажет".

Сондай-ақ, сенатор ханым  әлемдік экономикадағы дағдарысты еңсеруде халықтың әл-ауқатын жақсарту басты мәселе болу керектігін айтты.  Яғни жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі. Азық-түлік, энергетикалық, ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздік және адам өмірі мен денсаулығын басты назарда ұстау.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының төрағасы; "Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаңа тарихтағы ең алмағайып кезеңдердің бірін бастан өткеруде. Экономикалық дағдарыс ауқымының және онымен тікелей байланысты әлеуметтік өзгерістердің түпкі шегі әлі де бұлыңғыр. Қазіргі кезде түрлі болжамдар жасалуда. Біз, әрине, жақсылыққа сенеміз, бірақ қалыптасып отырған ахуал батыл әрі нақты іс-қимылдарды талап етеді. Президенттің  халықты, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған тапсырмалары тек төтенше жағдайда ғана емес, елдің жалпы дағдарысты еңсеру кезеңін де қамтитынын болады».

Ал осы тапсырмаларды дер кезінде жылдап қозғалып орындау үшін,  жергілікті жерлерде бюрократияға, жөнсіздікке жол бермеуге кеңес берді.Сондай-ақ, Назарбаева қауіпті індеттің құрбаны болған марқұмдардың   отбасыларына көңіл айтты. Сырқаттанып жатқан азаматтарға тез арада айығып кетуін тіледі.Аты жаман аурумен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге, полицейлер мен әскери құрамға, еріктілерге ризашылығын білдірді. Сағат сайын өзгеріп жатқан мәліметтерге сүйенсек, елімізде қауіпті  індетті жұқтырғандар саны 760 адамнан асты. 50 –н астам адам жазылып шықты. 7 адам қайтыс болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.