Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгінгінің қаһарманы

c 12:45, 05/05/2020 c 615

0:00 / 0:00

COVID-19 жұқпалы инфекциясының ел ішінде таралуы тұрақталуда. Бұл жайында  Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.  Соңғы мәлімет бойынша, республикада қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 4 мыңға жуықтады. Ал жазылып шыққандар саны  бір мың бір жүзден асты. Індеттен 27 адам көз жұмды. Бас санитардың хабарлауынша, соңғы екі аптада жағдай тұрақталып, республика бойынша қауіпті індетке шалдыққан науқастар санының өсуі 7 проценттен аспады. Яғни елде енгізілген карантиннің қатаң талабы өз нәтижесін беруде. Өздеріңізге мәлім, төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия карантин ережесін жеңілдетіп, бірқатар кәсіпорындар, бизнес субьектілердің жұмысы жанданды. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдай әлі де болса қатаң бақылауда болады. Ал осы  сын сағатта алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің еңбегі орасан зор. Карантинде қамалып, сыртқа шығудан қалған қарттарға, жағдайы жоқ азаматтарға, мүгедектерге көмек қолын созған волонтерлердің  қызметі бөлек әңгіме. Ал карантин талабын сақтауды бақылауда ұстаған әскерилер мен тәртіпсақшылары да қауіпті індетепн күресте ерен еңбек етіп жатқан жандар. Елордалық тілшіміз Әселім Қалкеннің дайындаған арнайы бейнематериал пандемия барысындағы қаһармандар жайында болмақ.

Не еміне дауа жоқ, қайдан шыққаны да әзірге беймәлім вирус әлемді шарпыды. Медицина коронавирустың алдында дәрменсіз болып шықты. Оның көзін жоятын дәрі жоқ. Аты жаман аурумен ең алғашқы болып ақ халатты жандар бетпе-бет келді. Олардың жұқпалы ауруға шалдыққан науқасты емдемеуге құқы жоқ. Адам жанын сақтап қалу оның дәрігерлік міндеті, парызы. Бұл орайда қазақстандық дәрігерлер аянбай қызмет етуде. Елорадағы көпсалалы медицина орталығының жұқпалы аурулар бойынша дәрігері Динара Бектас алдыңға шепте жүргендердің бірі. 7 жыл бойғы дәрігерлік қызметіндегі ең қиын сәт осы.

Бұл вирус тым тез қозғалады. Адамның тыныс алу жолдарын қиындатып, өкпенің қабынуына әкеп соғады. Ал оған қарсы вакцина әлі дайын емес. Дәрігерлер қолда бармен емдеп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус  созылмалы ауруларды қоздырып жібереді. Сондықтан мұндай науқастарды емдеу қиынға соғып жатады. Ал оларға жазылып шыққаннан кейін қайта қалпына келуіне көп уақыт қажет болады. Таңнан кешке дейін науқастардың қамымен жүрген ақ халатты жандарға ауа өтпейтін қорғану киімдерін киіп жүру де оңай емес. Бірақ оны да еңсеріп жатырмыз дейді дәрігре. Динара кезекшілігі аяқталысымен   бала-шағасына хабарласуға асығады. Ол үшін балапандарымен телефон арқылы сөйлесу ең қымбат сәт. Себебі, дәрігер де ана. Оның да отбасы ,ошақ қасы бар. Карантин басталғалы бір жарым ай бойы балаларын көрмеген ол сағынышын жеткізе алмай, көзіне жас алды.

Қауіпті індет жайлаған сәтте дәрігерлерден кейін алдыңғы шепте жүрген еріктілерді айтпай кету мүмкін емес.  Бұл қиын сәтте табысынан айырылған әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар, қариялар, мүгедектер сырттан қолдауға мәжбүр болып қалды. Оларға жан-жақтан көмек жасалуда. Вирустың қауіптіліген қарамастан  азаматтарға азық-түлік, бетперде жеткізіп беру міндетін жастар өз мойнына алды.  Бүгінде елордада 500 волонтер тегін қызмет көрестіп жатыр.Еріктілер  әртүрлі жағдайға тап болып жатырмыз дейді.

13 жыл бойы қоғамның қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген полиция капитаны Мәдихан Әлімқұл 5 баланың әкесі. Ол да таңнан түнге дейін, үйдегі қария анасын, жұбайын, балаларын көруден қалды. Әрине полицей үшін бұл қалыпты жағдай. Дегенмен, карантин барысы тәртіп сақшыларының да жұмысын қиындатты. Өкінішке орай, карантин ережесін қасақана бұзатындар көп дейді ол.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ел басына күн туған шақта аты жаман дерттен құтылу үшін әр азамат өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Жұмысқа барсаңыз да, үйде отырсаңыз да санитарлық норманы, карантин талабын сақтаңыз. Сіздің деніңіз сау болса, қоғам да аман болады. Ал сіз үшін отбасын көрмей, өзіне қауіп төнсе де  аянбай қызмет етіп жатқандардың еңбегін бағалаңыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.