Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдығушылар жасарып барады

c 11:38, 05/04/2018 c 866

0:00 / 0:00

БҚО-ның кардиологиялық орталығына жүрек талмасымен түсушілер жасарып барады. Ақ халаттылар осындай өзгерістің кең белең алуына алаңдап, дабыл қағып отыр. Көбіне жүрекке жаңа технология бойынша ем-шаралар тағайындалып, адамның денесін кеспей жасалатын ота түрлері қолданылуда,-дейді дәрігерлер.

Жыл сайын облыстық кардиологиялық орталыққа 5 мыңдай адам қаралады. Олардың ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларымен ем шаралық зерттеулерге жолданатын науқастарға ота жасау қаншалықты қажет екенін шешеді. Егер басқа жолы болса, дәрі-дәрмекпен емдейді. 6 жылдан бері аймақ ақ халаттылары өз беттерімен ота жасап, талай жанды аман алып қалды. Статистикаға жүгінсек, сырқатқа шалдығушылар саны көбеймесе, азаймай тұр.

Бір жыл ішінде кардиологиялық орталықта жүрекке 250 ота жасалған екен. Аудандық жерден келіп, ақ халатты абзал жандардың арқасында өмірге қайта оралған жандардың бірі бұл мамандық иелеріне деген шексіз алғысын білдіріп отыр.

Мамандар жүрек аурулары мен қан тамырлары сырқаттарының асқынуының алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, салуатты өмір салтын сақтау керек деп ескертеді. Дертке шалдығушылардың жасаруына да дене қозғалысының аздығы да өз ықпалын тигізеді.

Оралда адам жанына араша түсуде орталық дәрігерлері еңбегімен дараланған. Дегенмен күрделі ота қажет науқастар болса, Астана қаласына жолдайды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.