Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жердің тоңы 3 см-ге жібіген

c 18:49, 30/03/2018 c 849

0:00 / 0:00

15-наурыз күні тоңның қалыңдығы 129 см. болса, қазір 126 см.ді құрап отыр және аймақта сәуір айының басынан күн күрт жылынады деп күтілуде. Бүгін облыс әкімдігінде өткен су тасқынына қарсы штабтың кезекті отырысында Қазгидромет басшысы осындай мәлімдеме жасады. Биыл өңірге түскен қар қалың. Еріген су Бөкейорда ауданына баратын жолды шәйіп кетіп, көлік қозғалысы тоқтап қалған болатын. Төтеншеліктер қазір жағдайды қалыпқа келтіріп үлгіргендерін айтады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейне жазбада Бөкейорда ауданы Орда ауылына бет алған көліктер еріген қар суы шәйіп кеткен жолдан өте алмай, тосылып тұрғаны байқалады. Қазіргі күні департамент мамандары төтенше жағдай салдарынан қалыпқа келтіріпті.

Облыста көктемгі ахуал жіті қадағалауға алынып отыр. Себебі биыл жердің тоңы қалың, ал түскен қар мен дымқыл бірнеше күнде нормадан асқан болатын. Жердегі тоң тек 3 смге жібеген. 15 наурызда 129 см болса, қазір Қазгидромет мамандары 126 см.-ге жұқарғанын анықтапты.

-"Алдын ала болжам бойынша 2 сәуірден бастап ауа температурасы 0 градус болады деп күтіліп отыр. Ал 3 сәуірден 15 градусқа дейін күн күрт жылынады деп болжанып отыр. Алайда Даринск метеостанциясында керісінше тоң қалыңдаған. Яғни бұрын 117 см болса, қазір 119 см-ді құрауда. Федоровкада 80 см-ден 86 см-ге дейін жеткен. Ал қардың қалыңдығы қалада 35 см",-дейді Қазгидромет РМК БҚОФ директоры Нұржан Шияп.

Биыл болжам бойынша Жайық өзенінің суы 500-600 см.-ге дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.