Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да тұтынушылардың газға қарызы 70 млн. теңге

c 11:57, 06/04/2018 c 868

0:00 / 0:00

БҚО-да тұтынушылардың газға деген борышы 70 млн. теңгені құрап отыр. Қызметті тегін пайдалануға әдеттенген тұрғындарға коммуналдықтар қатаң шара қолдануға көшті. Бүгін "Қазтрансгазаймақ" АҚ қызметкерлері қасақана борышкерлер мен газды заңсыз тарттырып алған пайдаланушыларға қарсы күрес рейд өткізді. Бірақ қарызды қайтарудан қашқақтаған тұтынушылар да болыспады. Биік дарбазаны құлыптап, екі бірдей төбетті ауыз есікке байлап, үйден шықпай қойды. Ал газ таратушылар тұрғын үйге заңсыз тартылған желіні кесіп, ажыратылған құбырды бұғаттап тастады.

Төленбеген қарызы үшін ажыратылған газ құбырын рұқсатсыз кері тарттырып алған бірінші үй -Деркөл кентінде орналасқан. Сот орындаушылары мен коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері тұрғын үй иелерімен тілдеспек түгілі, құлыпталған биік дуалдан әрі аса алмай тосылды. Ал үй ауласына енбей газ желісін қию мүмкін емес.

Борышкерлер қызмет ақысын төлеуге келгенде бастарын ала қашып, тіпті есік алдына шығып жүздесуге жоқ. Жылдар бойы созылған мәселені шешуге сот орындаушыларының да күші жетер емес.

Өркен ауылында орналасқан екінші мекен-жайдағы үйдің иесімен де тілдесу мүмкін болмады. 80 жасты алқымдаған кейуана қауіпсіздікті тексеру үшін ішке енуге рұқсат бермеді. Құбыр қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіндіктен желіден ажыраттырып, құбыр бұғатталып тасталды.

Жыл басынан бері 500 тұтынушы газдан ажыратылған. Оның 200-дейі әлі күнге көгілдір отынға қосылуға әрекет жасамаған. Облыс бойынша газға деген тұтынушылар қарызы 70 млн. теңгені құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.