Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, 1 адам қайтыс болды

c 21:09, 11/07/2018 c 903

Тағы бір адам түтінге уланып, ауыр халде ауруханаға түскен. Оқиға Перемётный ауылында болған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.

Переметное ауылы, Гагарин көшесі 7 мекен-жайындағы үйде өрт тұтанғаны жөнінде хабар төтеншеліктерге түнгі 23:53 те келіп түскен. Өрттің шатырдағы жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайды. Үйдің төбе жабындысы жанып, шыққан қою түтінге үйдегі адамдар тұншығып қалған. Оқиға орнынан 2 адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Қара түтінге тұншығып, ағзасы уланып қалған азаматтың бірі абырой болғанда жаны аман қалған. Қазір ауруханада соңғы емін алып жатыр. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын және кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.