Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да медицина қызметкерлері күні аталып өтілді

c 17:58, 15/06/2018 c 1259

0:00 / 0:00

Қазақстанда бірнеше жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісі ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі ретінде тойланады. Бұл мереке-аурып, дауа іздегеннің көңіліне демеу, дертіне шипа беріп жүрген жандардың ерен еңбегі бағаланатын күн. Сондықтан мерекелік шарада барлық марапат денсаулық сақтау саласының үздіктеріне арналды.

Ақ халатты абзал жандар! Бұл әдемі сөздердің астарында дәрігерлерге деген құрмет-қошемет жатыр. Мемлекеттің басты байлығы-адам. Ал адам үшін денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ. Бұл күнгі марапат пен құттықтаулар адам өмірін сақтап, ауырғанға шипа беріп, жанына жылу сыйлайтын қасиетті мамандық иелеріне арналды.

2003 жылдың 15-ші қарашасындағы президенттің жарлығына сай медицина қызметкерлері күні жыл сайын аталады. "Ерен еңбегі үшін", "Медицина саласының ардагері", "Үздік маман" марапаттары лайықты иелеріне табысталды. Жыл санап медицина саласының жетістіктері артып, жаңа технология, тиімді заманауи әдістер Отандық денсаулық саласының қолданысына енгізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.