Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да егін алқаптарының аумағы ұлғайып отыр

c 17:58, 14/06/2018 c 795

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, бүгінде алқаптардағы жұмыстар толықтай тәмамдалған. Осы жылы өңір дихандары мол өнім алуды жоспарлауда. Ағымдағы жылы жоспар бойынша 513,5 мың гектарға егін егілуі тиіс болған болса, ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты алқабы 515,2 мың гектар болып отыр. Осылайша жоспар 101 пайызға орындалыпты.

Ауыл шаруашылығы техникалары паркі жаңартылып, 4 мыңнан астам трактор, 5 мыңға жуық дән сепкіш, 800 қопсытқыш және 46 егу кешендері егін егу науқанына тартылған. Көктемгі жұмысқа бөлінген 12 мың тонна дизель отынының әр литрінің бағасы 141 теңгеден белгіленген. Биыл өңірімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты науқандық жұмыс сәл кештеу басталған болатын. Соған қарамастан жоспарды артығымен орындаған дихандар күзде мол өнім алудан үмітті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.