Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да әуе көліктері мен зымыран үлгілерін дайындау бойынша жасөспірімдер арасында жарыс өтіп жатыр

c 00:00, 22/05/2015 c 905

0:00 / 0:00

Бұл жарысқа Орал қаласы мен аймақтың әр ауданынан келген 100-ге тарта мектеп оқушысы қатысты. Жарыста 3 номинация зымырандарды, ал 9 номинация әуе көліктерінің түрлері мен ұшақтар ұшыру бойынша тағайындалған. Облыстық деңгейдегі шараға өңіріміздің барлық аудандары мен қала тарапынана шыққан 100ге жуық жас қатысып, бақтарын сынап отыр. Араларында осы салаға машықтанып, әуе көлігін құрастырумен ұдайы айналысып жүрген оқушылар бар. Ұшырылған зымыран мен ұшақтың көкте қалықтау уақыты есептеледі. Неғұрлым көбірек ұшса, сол үлгі үздіктер қатарына қосылады. Ең азы деген 45 секунд, ұзағы 6 минуттай уақыт аспанда самғауы тиіс екен. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың әуе көлігін құрастырумен айналысуы келешекте осы саланың дамуына үлес қосады дейді мамандар. Себебі бүгінгі жастар болашақта білім ғылымның дамыуын үлес қосар ғалымдарға айналуы ғажап емес. Астана мен Алматы қалаларында шілде айында осындай әуе көліктерінің үлгісін дайындайтын оқушылардың жиыны өтеді. Бұл жарыстар жыл сайын білік-дағдыны жетілдіріп, бәсекелестікті арттырып келеді. Жарыс жеңімпаздары 19-маусым күні Повлодар қаласында өтетін 4 күндік жарысқа қатысады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.