Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да 6 басшы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған

c 17:31, 25/07/2018 c 691

0:00 / 0:00

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері 115 млн. теңгені құрапты. Ал сотпен тағайындалған айыппұл 111 млн теңге көрінеді. Түп тамыры тереңге жайылған жемқорлыққа қарсы күресу үшін аймақта қандай жұмыс атқарылып жатыр? Шығындардың қазынаға өндірілу деңгейі қандай?

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен 105 қылмыс тіркелсе, оның 89-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстары. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері 115 млн теңгені құрады, оның 106 млн теңгесі орнына қайтарылыпты. Сотпен тағайындалған айыппұл 111 млн теңгені құрады.

29 тұлға сыбайлас жемқорлық қылмысын жасды деп танылып отыр. Оның 6-уы бірінші басшылар. Жалпы ашылған қылмыстар санының үштен бірі парақорлық жайттарына қатысты. Мысалы, БҚО Еңбек инспекциясы басқармасы мен Төтенше жағдайлар бойынша басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі түрделауазымдарын пайдаланып, қол қоюы үшін пара алғандары анықталған. Қазіргі таңда қылмыстық істер соттың қаралуында. Қылмысты ашуға азаматтар да атсалысқаны жөн дейді мамандар.

№ 2 Теректі аудандық сотының үкімімен «Теректі-таза су» ЖШС директоры Каримов 5 жылға бас бостандығынан айрылған, ол жалпы сомасы 1,6 млн теңге ақшалай қаражатты иемденіп, талан-таражға салғаны үшін жазаланып отыр. Сондай-ақ Бөрлі ауданы бойынша тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласы басшылары мен жеке кәсіпкермен 55 миллионнан астам бюджет қаражатын ұрлағаны әшкере болып, қылмыстық үкім тағайындалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.