Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнесті дамытудың жаңа жолы

c 09:46, 07/06/2021 c 453

0:00 / 0:00

Кәсіпкерлер палатасы ел бизнесін дамытудың жаңа жолын ұсынды. Бүгін онлайн режимде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумы өтті.  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төралқа  төрағасы Тимур Құлыбаев ел Президентінің  кәсіпкерлікке арналған жаңа нормативтік құқықтық актілерді дайындау туралы тапсырмасына қатысты атқарылып жатқан шараларды атады. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қатысуымен орын алатын жемқорлық мәселесі де айтылды.

Отандық бизнесті дамытудың жаңа жолы ұсынылды. Ең алдымен кәсіпкерлікке арналған заңнамаларды реттеу жұмысы тұр. Бизнесті реттеу саясаты адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға бағытталуы тиіс  дейді кәсіпкерлер қауымдастығы. Ол үшін бизнеске қойылатын талаптарды реттеу қажет.

Тимур Құлыбаев – «Атамекен»ҰКП төралқа төрағасы «Біз бизнеске қойылған барлық талапты ескеріп, 30 мың нормативтік құқықтық актіге тоқтадық. Бізде тек бизнес саласына қатысы бар заңдардың өзі 200-ден астам. Мұндай жағдайда кәсіпкерлік субъектілері қалай жұмыс істейді? Әсіресе шағын және орта бизнес. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа реттеу саясатында ойын шартын өзгерттік. Өзектілігін жоғалтқан, қайталанатын бизнеске қойылатын талаптар алынып тасталады. Қалған талаптардың бәрі бірыңғай реестрге енгізіліп, цифрландырылады»

Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 25 пайыздың үстінде. Бүгінгі күні шағын және орта бизнеске салынып отырған салық тым жоғары дейді кәсіпкерлер. Негізгі салық төлейтін 2 мыңнан астам ірі кәсіпкерлік, 6 мың орта кәсіпорын бар. Ал 1 миллионға жуық шағын және орта бизнес салық төлеуден жалтарып жатады. Оның өз себептері бар.

Тимур Құлыбаев – «Атамекен»ҰКП төралқа төрағасы «Шағын бизнес салық төлеуден қашады. Себебі, әкімшілік қиындықтардан қорқады. Кедергілер көп. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін ең аз, қарапайым салық енгізілуі керек. Олар үшін салық төлеу коммуналдық қызмет төлемдерін жасаумен тең болуы тиіс. Әсіресе еңбек қорына төленетін жарналар көп. Қазір әр жалдамалы жұмысшы үшін жұмыс беруші 5 төлем жасайды. Жалпы алғанда 34 пайыз».

Бизнестің сыбайлас-жемқорлыққа қатысты өткен форумында   ірі нысандарды салу кезінде дамыған елдердегідей жобалық жоспарлауға көшу керек. Сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуден бастап игеруге дейін сүйемелдеуді енгізген жөн. Мемлекеттік қаржымен жұмыс істегің келсе – ашықтыққа дайын бол, дейді жемқорлықпен күрес агенттігінің басышысы  Марат Ахметжанов. «Атамекен»  палатасы мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі  бірлесіп Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына талдау жүргізуді бастамақ.  Бұл жақында өтетін  ауыл әкімдерін сайлауға қатысты қамтылып отыр.5 жыл ішінде субсидиялауға 1 трлн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің жартысынан көбі (54%) – субсидия ұрлаумен байланысты.

Агенттіктің мәліметінше, өткен жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 90% Антикордың сыртқы талдауымен анықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.