Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БИЗНЕС САЛЫҚ САЛМАҒЫН КӨТЕРМЕЙДІ»

c 00:29, 21/09/2023 c 45

0:00 / 0:00

Отандық бизнес қауымдастығы бизнеске салынатын қосымша құн салығын 16 пайызға арттыруға қарсы. Бұл жайында елордада өткен баспасөз маслихатында кәсіпкерлер қауымдастығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл салық шағын және орта бизнезке салмақ түсіреді. Ал күні кеше Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнес үшін қосымша құн салығын 16 пайызға дейін көтереміз дегенді.

2025 жылдан бастап өзгертілген Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Құжаттағы өзгерістің бірі- бизнеске салынатын қосымша құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға артады. Яғни 4 пайызға өседі. Бизнестің жылдық ақашлай айналымы 69 миллион теңгеден асса қосымша құн салығын төлейді. Бас экономист Қуантыров құн салығын өсірсек республикалық бюджетке жыл сайын 2,4 трлн теңге кіріс әкелуге мүмкіндік береді дейді. Алайда, құн салығы артса, елде бәрі қымбаттап шыға келмей ме деген сұрақ туындайды. Ал отандық кәсіпкерлер қауымдастығы бизнеске салынатын қосымша құн салығына қарсы. Себебі, шағын және орта бизнес салық салмағын көтере алмайды дейді олар.

МАКСИМ БАРЫШЕВ ЧЛЕН ПРЕЗИДИУМА НПП «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА МҮШЕСІ «Қосымша құн салығын өсіру бизнеске қарсы жасалған әрекет болып табылады. Қосымша құн салығы артса шағын және орта бизнеске салмақ түседі. Әсіресе шағын бизнес қиналып қалады. Ал бізде ірі бизнес мұндай салықтан босатылған. Олармен инвестициялық келісімдер бар»

Экономистердің айтуынша, жоғарыда экономика министрі айтқандай қосымша құн салығын көтерсек, бюджетке 2,4 трлн теңге кіріс әкелмейді, керісінше бизнес көлеңкелі экономикаға кетеді.

Алайда, ұлттық экономика министрі өз шешімін өзгертпейтінін айтты.

Сондай-ақ Қуантыров Қазақстандағы бизнеске салынатын қосымша құн салығы Ресеймен салыстырғанда төмен екенін айтты. Себебі бізде бәсекелестік Ресейге қарағанда төмен. Ресейдің экономикасы біздің экономикамен салыстырғанда сегіз есе үлкен. Әрине, олардан бәсекелестік бойынша қысым бар. Көрші елде қосымша құн салығы 20% құрайды. Бірақ Қазақстанға экспорт жасағанда соны қайтарып алады,- дейді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.