Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл Орал қаласында 29 тұрғын үй ауласын абаттандыру жоспарланып отыр

c 18:26, 13/06/2018 c 720

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй секторы бөлімінің басшысы мәлімдеді. 10 мыңдай халық қоныстанған аумақта жаяу жүргінші жолдары салынып, орындықтар және қоқыс жәшіктері қойылып, балалар мен ересектерге арналған алаңқайлар орнатылмақ. 3 жылдың ішінде шаһарымыздағы барлық аулаларды абаттандырып шығу көзделуде.

Ағымдағы жылы жоспар бойынша 29 алаң абаттандырылуы тиіс. Бұл алаңдар 46 тұрғын үй маңыда орналасқандықтан тұрғындар жолдар мен алаңдардың ортақ қолданыста игілігін көре алады. Жалпы шаһарымызда 386 аула аумағы болса, қазір оның 279-ы қалыпқа келтірілген. Теректер отырғызылып, асфальт төселген, орындықтар мен алаңдар орнатылған. Еуразия даңғылы бойындағы 105 және 107 мекен-жайларындағы тұрғын үйлер аулалары осы санатқа еніп отыр.

Қаламызда жөндеуге мұқтаж аулалардың бірі -Жуков 9 мекен-жайында орналасқан. Аулаларды абаттандыруға биылғы жылы 400 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.