Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІТІМГЕРШІЛІК КҮШТЕР ҚАЙ ЕЛГЕ ЖІБЕРІЛЕДІ?

c 20:52, 19/01 c 53

0:00 / 0:00

Күні кеше мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізуге ашқыру туралы өкімге қол қойды. Алайда, ол хабарламада отырыста қандай мәселе қаралатынын айтылмады. Сенат пен Мәжілістің жұмада өтетін бірлескен отырысында қандай мәселе қаралады деген сұрақ мазалаған еді. Әлеуметтік желідегі жазғыштар әртүрлі болжамдарын жарыса жазып та үлгерді. Үкіметтің мәселесі майшаммен қаралады, атом электр сатнциясын салу үшін өткізілетін жалпыұлттық референдумның күні белгілі болады деген пайымдар айтылды. Бұл сұрақты жалпы отырыстан соң сенаторларға қойғанды жөн көрдік. Депутат Әлназарованың айтуынша, ертеңгі бас қосуда Қазақстанның бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі қаралады.

Алайда, сенаторлар күн тәртібіндегі мәселе сәйкес, бітімгершілік миссияқа қатысатын қазақстандық қарулы күштердің қай елге баратынан хабарсыз болып шықты.

Ал өткен жылдың соңында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов журналситермен өткен брифингте еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері 24 халықаралық оқу-жаттығу мен жарыстарға, оның ішінде бақылаушы ретінде де қатысқанын айтқанды.Бүгінгі таңда БҰҰ-ның Ливандағы миссиясының үнді бітімгершілік батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік бөлімшені орналастыру тәжірибесі бар. Байқаушылар мен штаб офицерлерінің бітімгершілік миссиясына қатысуының сандық құрамы кеңейтілген деген еді генерал. Жалпы
қазақстандық бітімгер бөлімшесінде 607 әскери қызметші қызмет атқарды. Оның 7-і әйел. Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгер миссияларына 19 әскери қызметші қатысып жүрген жайы бар. Сондай-ақ, ертең өтетін бірлескен отырыста бітімгершілік миссиясынан басқа да мәселелер қаралуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ, біз сұхбат алған сенаторлар ол жайында бейхабар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.