Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білімдегі реформа

c 21:01, 11/03/2021 c 493

0:00 / 0:00

Дарынды жастардың елден кетуін азайту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарланып отыр. Үкіметтің онлайн отырысында премьер-министр Асқар Мамин білім саласын реформалаудағы мақсаттың бірі- талантты жастардың тиісті білім алуына жағдай жасау деді. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда соңғы бес жылда жастардың саны 470 мың адамға азайған. Бұл қазақ жастарының дені шетел асып жатқанынан.

АҚШ, Еуропа елдерінде білім алып, сапалы өмір сүру бүгінгі қазақ жастарының арман, мақсаты. Қазақстанда соңғы бес жылда жастардың саны 470 мың адамға азайған. Себебі, қазақ жастарының дені шетелге кетіп жатыр. Өкініштісі оның дені дарынды жастар.  Жыл сайын елімізде 100 мыңнан астам түлек  мектеп бітірсе, оның 30 пайызы шетелдік ЖОО-на тапсырады.  Бүгінде  91 мың жас өзге елде білім алып жатыр. Ал сол шетелде оқып жатқан жүрген жастардың көбі  елімізге қайта оралмайды.Өткен  жылы шетел асқандардың саны 100 мыңды құрады. Бұл нені білдіреді? Жастардың отандық оқу орындарының білім сапасына көңілі толмайды. Дипломын алған соң жұмыс таба алмай сабылады. Енді үкімет дарынды жастарды елде ұстап қалу үшін шетелдік университеттердің филиалдарын ашуды көздеп отыр.

Премьер-министр университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде 100% жаңартылатынын айтады. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін артады дейді.Білім саласындағы реформа балабақшалардың да жұмысына өзгеріс енгізбек. Министр Аймағамбетов  жаңа оқу жылынан бастап балабақшалар білім берудің жаңа моделіне көшетінін мәлімдеді. Ал балабақшалардағы орын тапшылығын шешу үшін ваучерлік қаржыландыруға көшпек.

Осылайша үкімет алдағы бес жылда балабақша мәселесі толығымен шешіледі деп отыр. Ал бүгінде балабақшаға кезекте тұрған балалар саны Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында тым көп.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.