Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

c 10:50, 06/06/2019 c 648

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

Тұтқынға алу шарасы 2 тамызға дейін санкцияланған.

 Сурет : ҚР Білім және ғылым министрлігі6 Маусым 2019, 11:33
Нұр-Сұлтанда Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растап отыр.

- Ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиева қатысты тұтқынға алу санкциясын шығарды, - деді сот өкілдері.

Тұтқынға алу шарасы 2 тамызға дейін санкцияланған.

Кеше Ұлттық бюроның ҚР білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды, бірақ күдіктінің аты-жөні айтылмаған болатын.

Эльмира Суханбердиева 1971 жылы туған. Еңбек жолын Шевченко қаласындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы № 7 орта мектептің, Астананың №60 мектеп-лицейінің директоры, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2016 жылдың сәуірінен бері ҚР білім және вице-министрі қызметінде отырған. Арасында 1 жыл бала күтімімен демалыста болды.

Дерек көзі сілтеме: https://kaz.zakon.kz/4972436-b-l-m-zh-ne-ylym-vitse-ministr-elmira.html

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.