Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Билік пен бизнес

c 00:13, 14/09/2023 c 51

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендерге Қазақстан билігімен жаңа келісімге келуді ұсынды. Ақордада Тоқаев еліміздің отандық бизнес қауымдастығымен кездесті. Президент отандық кәсіпкерлерді олардың активтерінің заңдылығына қатысты сұрақ туындамау үшін Қазақстан экономикасына үлес қосуға шақырды.

Сарапшылардың айтуынша, Тоқаев қазынаға ең көп салық төлеп отырған бизнесмендермен жаңа ойынды бастап отыр. Президенттің айтуынша, мұнайсервис саласы отандық экономиканың негізгі драйвері болуы керек.

Сарапшылардың пікірінше, елдегі олигархтардың жағдайы мәз емес. Тоқаев өзінің Жолдауы мен бизнеспен осы кездесудің өзі-ақ бизнеске соңғы мүмкіндік беріп отырғандай. Қазақсианға қаржы құясың, болмаса сұрауы бар дегендей. Президент бизнесмендерге капиталының заңдылығына қатысты сұрақты шешу жолы ел эконмикасына үлес қосу екенін басып айтты. Өздеріңізге мәлім, жақында заңсыз активтерді қайтару туралы заң қабылданды. Бұл қаражат кері қайтса ел экономикасын сауықтыруға үлес қосары сөзсіз. Өз ісіне адал шетелдік және қазақстандық инвесторлар алаңдамай жұмысын жалғастыра берсе болады деді Президент.

Тиісті заңға сәйкес, заңсыз шетел асқан капиталды қайтарумен Бас Прокуратура жанындағы уәкілетті орган айналысады. Шетелге заңсыз кеткен қаржы көлемі туралы мәлімет әртүрлі. Кейбір дерек көзінде 200 млрд доллар офшшорда жатыр. Президенттің өзі айтқандай, елдің байлығы 162 адамның қолында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.