Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бетпердеден пайда жоқ

c 19:45, 04/03/2020 c 899

0:00 / 0:00

Енді дәріханаларда бір адамға 10 бетпердеден артық сатылмайды.  Денсаулық сақтау министрлігі осындай ұсыным жасады. Себебі, коронавирустан сақтанғандар бетпердені жаппай сатып алып жатыр. Салдарынан дәріханаларда бетперде жетпей жатыр. Бетперденің құны болса күн сайын өсуде. Ал дәрігерлер бетперде қауіпті індеттен қорғай алмайды деп мәлімдеп отыр. Осы жұқпалы ауруды жұқтырғандардың 80 пайызы жеңіл түрде жазылып кетіп жатқан жайы бар. Еске сала кетейік, әлем бойынша коронавирусті жұқтырғандар саны 90 мың адамды құраса, індеттен ажал құшқандар 3 мыңға жетті.

Қауіпті індеттен қорғап қалса осы бетперде қорғайды деген үмітпен жаппай сатып алып жатыр. Бүгінгі күні елімізде 20 млн бетперде сатылған. Қазақстандықтар бір айда бір жыл бойы сатылатын бетпердені сатып алған. Енді оны өндірушілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Бірақ соның өзінде дәріханаларда бетперде жетпейді. Қазақстанда бетперденің тапшы болуына шикізаттың жоқтығы себеп. Қытайдан шыққан жұқпалы аурудан қорғанамыз деп жүрген бетперденің өзі қытай шикізатынан өндіріледі. Коронавирус өршігеннен бері көрші елден бұл шикізатты тасымалдау мүмкін болмай қалды. Көптеген дәріханалар жәй бетпердінің құнын 30 теңгеден асырмау туралы келісімге қол қойған. Алайда, бұл келісімді сақтап жатқан ешкім жоқ. Баға шарықтап кетті.

Гүлмира Мұхамеджанова - медициналық жабдықтар өндіретін қауымдастық төрайымы; «Қазір бетперденің бөлшек құны күнен-күнге қымбаттап жатыр. Өйткені шикізат бағасы өсуде. Бүгінгі күні бір бетперде 80-100 тг сатылуда. Бұл бүгінше. Шикізат құны 16 есеге өсті»

Жапа -тармағай сатып алып жатқан бетперденің қауіпті індеттен қорғайтынына кепілдік жоқ. Дәрігерлер  осылай деп мәлімдеді. Одан да беті-қолыңды жиі жуып, санитарлық нормаларды сақтаған жөн дейді олар. Дені сау адамдарға ұнемі бетперде тағып жүрген тиімсіз. Жұғатын вирусқа бетперде тежеу бола алмайды. Ал ауыздан шыққан демнен бетперде суланып кетсе, бактерияның жиналуына себеп болады.

Арнұр Нұртаев - дәрі-дәрмекті сараптау  ұлттық орталығының директоры; «Мұрын мен ауыздан басқа, бізде көз бар. Бетперде таққанымен, ол вирустан сізді қорғай алмайды. Америкалық әріптестеріміз дұрыс айтады. Бетпердеден пайда жоқ. Олай болса, камбинезон киіп алу керек. Көзәйнек тағып, резеңке етік кию керек шығар.Сонда мүмкін қорғана аласыз».

Бір сөзбен айтқанда, әлемді әбігерге салып жатқан вирустан бетперде қорғай алмайды, оның дауасын емдейтін дәрі жоқ, бірақ бұл соншалықты үйрейленетін ауру емес деп жұбатады дәрігерлер. Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов бұған дейінгі сұқбатында, бұл індетпен көбінесе егде жастағы адамдар және созылмалы ауруы барлар аурады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.