Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Беккерге сөгіс жарияланды

c 20:10, 24/10/2019 c 658

0:00 / 0:00

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге сөгіс жарияланды. Еліміздің бас құтқарушысы қол астындағы парақор қызметкерлері үшін сөгіс алып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төтенше жағдайлар комитеті жүйесінде соңғы үш жылда төтеншеліктерге  қатысты 91  қылмыстық істің 70-сі өндіріспен аяқталып, 66-сы сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 19 Төтенше жағдайлар комитетінің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері сотталды.

Өкінішке  орай сыбайлас-жемқорлық, пара алу еліміздің қай саласында болмасын кездеседі. Жеке кәсіпкерлерден пара алу фактісі көп жағдайда мемлекеттік орган өкілдерінің бастаумен орын алады. Кәсіпкер үшін де тез арада рұқсат алу немесе қандай да бір кемшін тұстарын жасырып қалу үшін пара беріп,шаруаны тез тындырған ыңғайлы. Жемқорларды аулауға екі қолын сыбына кіріскен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері төтенше жағдайлар саласында соңғы үш жылда төтеншеліктерге  қатысты 91  қылмыстық істің 70-сі өндіріспен аяқтап, 66-сын сотқа жолдады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 19 Төтенше жағдайлар комитетінің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері сотталды. Енді жақында Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар саласының лауазымды тұлғасы тексеріс жүргізбеуі үшін 5  млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Қол астындағы қызметкерінің жемқорлыққа жол бергені үшін жоғарғы жақтағы басшылар жауапты. Еліміздің бас құтқарушысы Владимир Беккерге министр сөгіс жариялады.

Талдау көрсеткендей, Төтеншеліктер жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп таралған түрлері –  парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және жымқыру болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.