Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

c 09:54, 03/09/2021 c 566

0:00 / 0:00

Күні кеше ғана мемлекет басшысының Жолдауында көрініс тапқан бірыңғай тұрғын үй саясатын құру тапсырмасы бойынша жеңілдетілген ипотека берілмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәлімдеуінше, "Отбасы банк" баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін бастапқы жарна мөлшерін тұрғын үй құнының 10% дейін төмендетеді.  Жеңілдікпен несиелендіру бойынша мөлшерлеме отбасы табысына байланысты жылдық 2% және 5% болады, - деп хабарлады министр үкіметтің онлайн отырысында. Өз кезегінде сенатор Ләззат Сүлейменова, кезекте тұрған жетімдерді баспанамен қамту, несиесін өтей алмай жатқандарды үйінен шығарып жіберу, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасының төмендігі жайында мәселе көтерді. Депутат бұл жайында Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкіметке жолдаған сауалында айтты.

Баспана басты мәселеге айналды. Бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрғандар санының шеті жоқ. Тапқан табысы күн көрісінен аспайтындар үшін несие мөлшері шарықтап тұрған ипотекаға үй алу арман. Ал әлеуметтік мәртебесі бойынша кезекте тұрғандар баспанасын 10 жылдап күтеді. Өкінішке орай, қымбат кредитке үй алып, кейін оны төлей алмай отырғандар  да жоқ емес. Әртүрлі себептермен өз үйінен қуылып жатқандар қаншама.  Қиын жағдайға түскен азаматтарды жалғыз баспанасынан айырып жатқан сот шешімі көп дейді сенатор Сүлейменова.

Ата-ана қамқорысыз қалған, жетімдіктің қасіретін тартқандарды да баспанамен қамту мәселесі де кенже қалып отыр.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында үікметке бірыңғай тұрғын үй саясатын құру туралы тапсырмасын жүктегені мәлім. Бүгін Мамин бастаған министрлер кабинеті жолдауды қолдауға кірісіп кетті. Индустрия  министрінің қолжетімді баспанамен қамтуға қатысты жоспары да жоқ емес. Енді үйге кезекте тұрғандар жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, баспана жағдайын жақсарту үшін  зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алу мақсатында  "Отбасы банкінің" шотына аударуға болады. Министр құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізілетінін айтады. Дегенмен, елімізде бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің сапасына қатысты шағым көп.

Сенатор ханым көтерген мәселелер премьер-министр Асқар Маминге жолданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.