Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана басты мәселе

c 22:45, 07/04/2020 c 586

0:00 / 0:00

Ел үкіметі бүгініг төтенше жағдай барысында, халықты жұмыспен қамту, баспанамен қамту мәселелерін жеделдетпекші. Индустрия министрлігінің  дерегінше, 12 600 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жалпы ағымдағы жылы елімізде «Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 15 млн шаршы метр немесе 150 мың баспана салу жоспары бар. Ал мемлекеттік инвестициялар есебінен әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік 38 300 сатып алынады және салынады. Үкіметтің онлайн отырысынан толығырақ елордалық тілшіміз тарқатады.

Аты жаман дерттің  таралуы қарқындаған сайын, қазақстандықтардың қашықтықта жұмыс істеу барысы да бір сарынға түсе бастады. Үкіметтің онлайн отырысын тыңдап отырып, ұққанымыз, елдегі төтенше жағдай баспана мәселесін кейінге қалдыруға себеп болмайды. Яғни үкімет бұл қиын-қыстау кезеңде халықты жұмыспен қамтуы керек. Ал басты мәселе баспанамен қамту үшін, оның құрылысына жұмыс күшін тарту қажет. Министрлер кабинетінің жоспарына сенсек, ағымдағы жылы 15 0 мың баспана салынбақшы. Бұл дегеніміз 15 млн шарты метр. Дегенмен, бір әттеген-ай, өңірлерде әкімдер инфрақұрылымдық жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыра алмай отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк дағдарыс кезінде құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қосымша 180 млрд теңге бөлді. Бұл ақшаны алу үшін әкімдіктер облигациялар шығаруға дайындалып жатыр. Алайда, ол жұмыс баяу жүріп жатқан сияқты.

Соңғы жылдары Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда бір тұрғынға шаққанда пайдалану көрсеткіші 0,71 пайызды құрады. Бұл ТМД елдері арасындағы жоғары көрсеткіш.  Ал сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға бюджеттен  90 млрд теңге көзделген. Премьер-министр бүгінгі жағдайда, тұрғын үй құрлысын қарқындату, халықты жұмыспен қамту мәселесінде әкімдерге ширақтық танытуға кеңес берді.

Ал әлемді шарпыған қауіпті індеттің ел ішінде таралу барысына тоқталсақ, бүгінгі күні вирус жұқтырғандар саны 680 –нен асты. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған 20 қазақстандықтың жағдайы ауыр екенін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.