Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН НЕ БҰЙЫРАДЫ?

c 01:27, 13/10/2023 c 77

0:00 / 0:00

Қаржы министрлігі Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржы көлемін есептеп көріпті. Өздеріңізге мәлім, 2024 жылдан бастап Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылады. 18 жасқа толмаған балалардың арнайы есепшотына Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы аударылмақ. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жылдық инвестициялық табыстың орташа мөлшері 5-6 процентті құрайды. Ал қаржы вице-министрінің мәліметінше, қорға жиналған қаражаттың инвестциялық табысы 2,6 пайызды ғана құрап отыр. Яғни балаларға аударылатын ақша осы табыстан бөлінеді. Бұл қаражатты баланың жоғары білім алуына немесе баспаналы болуына жаратуға болады дейді жобаны ұсынушылар.

Мысалы, 2024 жылы туған баланың есепшотында 18 жасқа толғанда 3,5 мың доллар қражы жиналады екен. Бұл қазіргі бағаммен есептегенде 1 668 730 теңгені құрайды.

Сенаторлар өз тарапынан баланың есеп шотына қаржы аударылғанда сол күнгі емес, сол сәттегі доллар бағамымен аудару қажет деген түзету енгізді.

Соңғы 5 жылда бюджет кірісі трансферттерді есептемегенде шамамен 66 пайызға өскен. Алайда, осы уақыт аралығында шығындар 120 пайызға ұлғайған. Үкімет бұл проблеманы шешу үшін Ұлттық қорға аузы салуды әдетке айналдырды. Әлеуметтік шығындарды қордың қаржысымен жауып отыр. Ал Ұлттық қордың активтерін ұлғайту тапсырмасын үкімет пен Ұлттық банк қалай орындамақшы деген сұрақ туады. Себебі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордағы қаржатты 100 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырғанды. Жоғарыда шенеуніктер айтқандай қазір Ұлттық қорда 57 миллиард доллар ғана бар. Депутаттардың айтуынша, соңғы 8 жылда Қордың қаражаты 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін төмендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.