Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ НЕ КЕДЕРГІ?

c 16:03, 25/05 c 24

0:00 / 0:00

Дамыған елдердің тәжірибесінде өңдеу өнеркәсібі дамудың берік іргетасы болып табылады. Біздің елде бұл сала әлі де кенже қалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінің экономиканың драйверіне айналуына не кедергі? Ірі жер қойнауын пайдаланушылар шикізатты экспортқа бағыттап, ел ішінде өңдеуді дамытуға мүдделі емес. Елімізден алюминий, мыс, қорғасын экспортталады. Кеңес дәуірінен қалған база тоқырауға ұшырады. Сондай-ақ, кәсіпорындарды құруға атсалысқан жоғары білікті мамандардың кетуі де кедергі болды. Тәуелсіздік алғалы елде талай индустриялдық жобаларғ бағдарламалар енгізілді. Алайда, оның толыққанды нәтижесін көрмей отырмыз дейді депутаттар.

Өнеркәсіп министрі өзіне дейінгі министрлердің қабылдаған жобаларын баяғы заманғы жобалар деп бағалады.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ «Иә біз қайта өңдеу өнеркәсібін терең меңгермей жатқан шығармыз. Дегенмен, көптеген кәсіпорындар соңғы 12 жылда қайта өңдеу өнімдерін шығаруды 5 есеге ұлғайтты»

Өңдеу өнеркәсібіне шикізат пен бөлшектер импортының көлемі 50 пайыздан асып отыр. Елден негізгі шикізат экспортталып, Қазақстанға қосылған құны бар тауарлар импортталады. Қазақстан елде өндірілетін алюминийдің 87 пайызын, мыстың 99 пайызын, қорғасынның 77 пайызын өңделмеген немесе бастапқы өңделген күйде экспорттайды. Бұл ретте, отандық өңдеуші кәсіпорындар өндіріске қажет шикізат тапшылығын сезініп отыр, - дейді сенаторлар. Қазақстандағы өнім өндіру тиімсіз, өйткені олар сауда қызметімен бірдей жағдайда. Бизнестің пікірінше, салық салу жүйесі мен қаржыландыру қолжетімді болса, өңдеу өнеркәсібі экономиканың басым секторына айналар еді. Оған қоса ішкі нарық әлі де импортқа тәуелді болып қала береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.