Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ЖЕТІСКЕННЕН АЛМАЙМЫЗ»

c 09:23, 14/06 c 20

0:00 / 0:00

Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы сенторлардың алдында есеп берді. Смайыловтың бұл есебі, үкіметті өзі басқарған кездегі жұмысына баға беру болды. Әдетте мұндай есепте үкіметтің атқарған жұмысындағы кемшіліктер тізіліп, сынға толы мәлімет болатын. Бұл жолы аудиторлық палатаның баяндамасында сыни деректер аз болды.

Сенаторлар болса, бюджеттің шығысы асып, табысы азайып отыр дейді. Палата төрағасы өңірлерде қаржы жетіспеушілігі барын айтты. Өткен жылғы бюджеттің шығысы мен кірісінде алшақтық бар. Шығыс көлемі көбейіп кеткендіктен Ұлттық қорға қол сұғуға тура келеді. Спикер жетіскеннен қордан ақша алып отырған жоқпыз дейді.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Бюджет шығысы бөлігінде теңгерімсіздік бар. Яғни шығынымыз көп, табыс табуда мәселелер бар. Бұған дейін біз Ұлттық қорды пайданаламыз деп айтқанбыз. Қордан жетіскеннен қаржы алып отырған жоқпыз».

Қаржы министрі Мәди Тәкиев ұлттық қорда жиналған қаражаттың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,4 процентке көбейіп, 65,7 млрд долларға жетті", - деп отыр. Қазынаның шығысы мен кірісін есептеп жатқанымызда, мемлекеттің сыртқы қарызы да өсіп кетті. Бас аудитор әзірге Қазақстан қарыз көлемінің шегіне жетпегендіктен, бұдан экономикаға қауіп жоқ деп сендіреді.

Не керек, соңғы екі апта бойы Парламенттің қос палатасы үкіметтің өткен жылғы қазына қаржысын жұмсау барысына қатысты есебін тыңдаумен болды. Алайда, бюджет қаражатын толық игермеген мемлекеттік органдарды, әкімдікдерді қандай да бір жауапкершілікке тарту мәселесі айтылмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.