Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК

c 09:10, 04/06 c 34

0:00 / 0:00

1964 жылдан 1992 жылға дейін Роза Қабашева облыстық телеарнада режиссер болып қызмет атқарды. Қазақстанда телевидение ұғымының пайда болған сәтіндегі куәгер. Одан әрі жекеменшік ТДК-42 телеарнасын құрды. Бүгінде сексеннен асса да Роза Құбайдулақызы телеарнаның өміршеңдігіне үлкен үлес қосып келеді. Арнаның жаңалықтар бөлімі, әр саланы қамтитын бағдарламалары түгел Роза апамыздың тікелей жетекшілігінде. Бүгінде жерлестері Астанада тұрып жатқан Роза Қабашеваның ерен еңбегін ұмытқан емес. Қабашева Роза Құбайдулақызы Батыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Ардагерге айтулы марапатты елордада «Аq jol»партиясының төрағасы Азат Перуашев табыстады.

ТДК-42 телеранасының құрылтайшысы, батыс аймағындағы телевидениенің негізін қалаушылардың бірі - Роза Құбайдулақызы еңбегім еленген күн болды дейді.

Қазақстанда телевидение ұғымы енгенде көк жәшік деген термин қолданылған. 60 жыл бұрын әр үйде теледидар пайда болды. Сөйлейтін жәшіктің кереметін алғаш болып алматылықтар сезінді. Содан кейні бүкіл елге тарады. Алғашқы қадамдар өте қиын болды. Мұның бәрі техникалық жабдықтауға келіп тірелді. Бағдарламалардың атаулары қатты картон қағазға жазылды. Фильм жеткіліксіз болды, ал қол жетімді аз ғана материал ең алдымен жаңалықтарға пайдаланылды. Сондықтан, телеарна ардагерлерінің еңбегін жоғары бағалаймыз. Қазір республикада жүзден астам телекомпания бар. Технология дамыған сайын, телевидениенің де жан-жақты шарықтап келе жатқанын көріп отырмыз. Бұдан былай ел экватордың үстінде қалықтаған ғарыш кемесінен сигнал қабылдайды. Бірте-бірте аналогтық спутниктік хабар тарату цифрлық хабар таратумен ауыстырылуда. Интернет те теледидардың дамуына түзетулер енгізуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.