Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КРЕДИТКЕ ҚҰНЫҚПАҢЫЗ

c 06:50, 24/05 c 16

0:00 / 0:00

Аталмыш заң азаматтардың артық кредит алу деңгейін төмендетуге, алаяқтық тәсілмен қарыздар мен микрокредиттер ресімдеу тәуекелдерін және клиенттердің банктік шоттарынан ақшаның заңсыз алынуын қысқартуға ықпал етеді. Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін оңайлатады,- дейді сенаторлар.Бүгінде несие алмаған қазақстандықты сирек кездестіресің. Ипотека, автокредит, тұтыншулықы несие, бөліп төлеу сияқты кредиттің түр-түрі бар. Енді сол несиеге белшеден батып отырғандарды құтқару, қаржылық сауаттылығын арттыру үшін бұл заңның қажет екені сөзсіз. Сенат депутаттары Мәжілістен жеткен заңнамаға өз өзгерістерін енгізіп отыр. Әскерге барған сарбаздардың несие өтеу уақытын бір жылға тоқтату туралы мәжіліс енгізген норманы өзгертті. Әскерден оралған сарбаз келе салып несиесін жаба алмайтыны мәлім. Оған тағы екі ай уақыт беру керек дейді депутаттар. Сондықтан әскери міндетін атқарып келгендерге несиесін өтеуге бір жылға қосымша тағы 60 күн каникул берілетін болды.

Заң аясында жұбайының келісімінсіз кредит беруге тыйым салу нормасы бар. Кредит көлемі 1 мың АЕК-тен артық болса, оны алу үшін ерлі-зайыптылардың өзара келісімі керек болады. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше, тұтынушылық қарыз көлемі 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның 1,6 трлн теңгесін мерзімі өткен кредиттер құрап отыр. Бүгінде 8,4 млн адам тұтынушылық несие алғандар тізімінде тұр. Ал несиені алып алып, өтей алмай жүргендер өзін банкротпын деп жариялап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.