Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СИНГАПУРМЕН СЕРІКТЕСТІК

c 08:17, 24/05 c 22

0:00 / 0:00

Қазақстан Сингапурға негізінен мұнай мен металл шикізатын экспорттайды. Ал ол елден химиялық және фармацевтикалық препараттар мен компьютер бөлшектерін импорттаймыз.. Ақордадан келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, Сингапурге сапарында қазақ басшысы бұл елге аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлемде сирек кездесетін металдарға деген сұраныс артады. Бүгінде Қазақстанда барланбаған мыңдаған кен орны бар. Осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін Сингапур сенімді серіктес бола алады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Біз Қазақстандағы мыс және фосфат кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отырған Indorama компаниясымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға үлкен үміт артамыз. 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады»

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Сингапур компанияларын экологиялық таза энергия өндіру, аталған салада технология және тәжірибе алмасу үшін серіктестікті кеңейтуге шақырды. Сингапур қоқыс жағу арқылы қуат өндіретін озық қондырғыларымен және қалдықтарды басқару жөніндегі инновациялық технологияларымен танымал. Қазақстанды қалдықтарды реттеудің осы инновациялық тәсілі қызықтырады деді қазақ Президенті. Ауыл шаруашылығы саласында да ынтымақтастық орнатуға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур компанияларына бірлескен агроинновациялық орталықтар құру, дәлдігі жоғары егіншілік және су ресурстарын барынша тиімді пайдалану бағыттарында бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 1,8 миллиард долларды құрады. Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Таяу жылдары бұл көрсеткіш еселене түседі деп санаймыз. Осы орайда екіжақты серіктестікті дамыту үшін берік құқықтық негіздің болуы аса маңызды. Біз Инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификацияладық. Бұл құжат инвестициялардың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді, - деді Қазақстан Президенті. 5 миллион 800 мың халқы бар Сингапур әлемді мойындатқан елдердің алдыңғы қатарында. Сингапур 1965 жылы ғана тәуелсіз мемлекет атанды. Жарты ғасырдың ішінде жемқор және кедей елден үлгілі мемлекетке айнала білді. Сингапур Азиядағы ең аз коррупцияға ұшыраған мемлекеттер қатарына кіреді және бұл тұрғыда әлем бойынша бесінші орында тұр. Бұған жоғары айыппұлдар енгізу мен өз лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту заңы себепші болды. Жемқорлық жойылған елдің экономикасы қарқындап тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.