Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРҒАНДАР СОТТАЛАДЫ

c 08:08, 19/04/2022 c 299

0:00 / 0:00

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын жасырғандар 6 жылға сотталады. Бұл жайында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин мәлімдеді. Енді жасөспірімдерге қатысты қылмыстың зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық сияқты түрлері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылады.

Қазақстанда бала құқығын қорғау мақсатында, жасөспірімдерге қатысты қылмыстың зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық сияқты түрлері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылады. Ішкі істер министрлігі енді тараптардың татуласу мүмкіндігі болмайды деп отыр. Сонымен қатар педофилдер рақымшылыққа ілінбейді, олар мерзімінен бұрын босатылмайды. Ал балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыс орын алғанын біле тұра жасырғандарды 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАНАЛИН –ҚР ІІМ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарды жасырған адамдар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Педагогтар кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы құқыққа қарсы әрекеттер жасау фактілері туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті»

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бұл жаһандық сипаттағы проблема. ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сүйенсек, әлемде 1 миллиард кәмелетке толмаған, яғни 2 жастан 17 жасқа дейінгі барлық баланың жартысынан көбі бір жыл ішінде эмоциялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Әлем бойынша 150 млн бала күн сайын мектептерде буллинг, кибербуллинг, қарумен зорлық және зорлықтың өзге түрлеріне ұшырайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.