Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балаларға қатысты қылмыс өршіп тұр

c 08:00, 10/06/2020 c 533

0:00 / 0:00

Жыл сайын балаларға қатысты 2 мың қылмыс жасалады.  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалатын қылмыс азаймай тұрғанын айтады.
Зорлық-зомбылықтың 70 пайызы жәбірленушінің жақындары мен айналасындағы адамдармен жасалады дейді министр. Бұл жайында ол бүгін өткен халыққа есеп беру кезінде айтты.  Жыл басынан бері жеткіншектерге  қатысты 879 қылмыс жасалса, оның 402-сі сексуалды зорлық болған.

Қауіпті індет-коронавирус тарағалы бері елде жарияланған төтенше жағдай барысында қылмыс өршіген.Республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны 25 процентке өскен.Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуныша,  төтенше жағдай кезінде кәмелеттік жасқа толмағандардың өз-өзіне қол салу оқиғасы көбейіп кеткен. Ағымдағы жылы  58 жасөспірім өз-өзіне қол салса,  137 бала суицид жасауға әрекет еткен. Балалардың өз-өзіне қол салуы отбасындағы  проблемаларымен байланысты – дейді Тұрғымбаев.Өкінішке орай жеткіншектерге қатысты қылмыс саны да азаймай отыр.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ІІМ; «Жыл сайын балаларға қатысты 2 мың қылмыс жасалады. Өкінішке орай қылмыс саны азаймай отыр. Бұл ұрып-соғу, бопсалау, өміріне қауіп төндіру, зорлық-зомбылық».

Елде сексуалды зорлық-зомбылық қатысты жаза күшейтілді. Педофилия, балаларға қатысты жасалатын қылмыс үшін 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру енгізілді. Дегенмен, балаларға қатысты зорлық-зомбылық азаяр емес. Тараз қаласындағы мектептердің бірінде дәретханада жеткіншекті зорлау фактісі тіркелгені есімізде.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ІІМ; «Зорлық-зомбылықтың 70 пайызы  жақындары мен айналасындағы адамдармен жасалады. Оның ішінде әке, өгей әке, шешесімен бірге тұрып жатқан азаматтармен, көрші және жақын таныс, туыстармен жасалады. Кейде мұндай қылмыстар жылдар бойына жалғасады.  Ал зардап шеккендер мен туыстары оны сыртқа айтудан бас тартып, өз іштерінде шешуді жөн санайды».

Тек осы жылдың басынан бері кәмелет жасына толмағандарға қатысты 879 қылмыс жасалса, оның 402-сі сексуалды зорлық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.