Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ТЕГІН ҮЙІРМЕДЕН АЙЫРМАҢЫЗ!

c 19:58, 22/04/2022 c 533

0:00 / 0:00

Елордада кәсіпкерлер, педагогтар мен ата-аналардан құралған наразы топ қала әкімдігіне шағымымен келді. Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы спорттық және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру бағдарламасы мамыр айында іске қосылған еді. Осылайша балаларға арналған үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік берілді. Әу баста тегін үйірмелерді ұйымдастыра отырып, балалар арасындағы суицид пен есірткіге қарсы күресті күшейту жоспарланған еді. Алайда, балаларын тегін үйрімеге берген ата-аналардың және әкімдіктен Art Sport бағдарламасы бойынша қаржы алып отырған кәсіпкерлердің қуанышы көпке созылмады. Себебі, әкімдіктер Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатуда. Неге баланың қолын қағып жатырмыз?- дейді ата-аналар.

2021 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды жаппай спортқа, шығармашылық үйірмелерге баулу жұмысы бастау алғанды. Осылайша балаларға арналған үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік берілді. Қазақстандағы 98 кәсіби клубтың қаржысы қайта қаралып, нәтижесінде балалардың спортпен тегін айналысуына 7 млрд теңге бағытталды. Әрбір облыс бала санына қарай жергілікті бюджеттен жеке меншік спорт үйірмелеріне қаражат құйды. Алайда, балаларын тегін үйірмеге беріп бастаған ата-аналардың қуанышы көпке созылмады. Себебі, әкімдіктер Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатып жатыр. Бұл үрдіс Алматы облысынан бастау алып, еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. Елордада ата-аналар, кәсіпкерлер мен педагогтардан құралған наразы топ қала әкімдігінің алдына келіп, Art Sport бағдарламасын қаржыландыруды тоқтатпауды талап етті.

Әу баста Алматы облысы бұл бағдарламаны тоқтатқан кезде бұған қарсы білдіріп, петицияға қол қойғандар саны 13 мың адамды құрады. Қазір петицияны қолдаушылар саны көбейіп жатыр. Елімізде спорт және шығармашылық үйірмелері өте көп, бірақ оның құны қалта қағады. Көпбалалы отбасылары үшін бірнеше баланы ақылы үйрімеге беру оңай шаруа емес. Табысы төмен отбасылары балаларын қалаған үйрімесіне, спортқа бере алмайды. Ал олардың арасында дарынды балалар бары сөзсіз ғой.

Енді әкімдіктер қаржы жоқ деген сылтаумен, Президенттің тапсырмасын аяқсыз қалдырмақшы дейді наразы топ. Ал кәсіпекрлердің көбі несие алып, үйрімелер ашып жатқаны мәлім. Ал бұл қаржыландыру тоқталса балалар мен бірге осы бизнеске қаржы құйған кәсіпкерлер де зардап шегеді. Салдарынан орташа алғанда 40 мың жас маман жұмыссыз қалмақ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі болса маслихаттың шешімін күтіп отырмыз деп ақталды.

Сарапшылар адами капиталға инвестиция құю керек деген кеңес береді. Яғни баланың білім алуына, өнерін ашуға ақша аямаған жөн. Сонда ғана ол еңбек мен қызмет көресту нарығында бәсекеге қабілетті ортаға бейімді болып өседі. Қазір еліміз бойынша Art Sport бағдарламасымен 506 мың бала қамтылған. Оған кәсіпкерлерді, ата-ана мен тренерлерді, педагогтарды қоссаңыз миллионға жуықтайды. Яғни миллион адам әкімдіктердің осы істе салғырт жұмысына наразы болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.