Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛМАЙ ОТЫР»

c 09:24, 24/02/2023 c 91

0:00 / 0:00

Байқоңыр қаласындағы 4000 мың зейнеткер тегін медициналық қызмет ала алмай жүр. Бұлар Қазақстан азаматтары. Сенатор Ақмарал Әлназарованың айтуынша, еліміздің 4000-ға жуық азаматы Ресей заңнамасының ережелері бойынша, оның ішінде 1996 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес зейнетақы алады. Ал қазір бұл адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық көмек ала алмауда. Себебі, олар туралы деректер еліміздің Еңбек министрлігінің ақпараттық базасында жоқ. Депутат Үкіметке жолдаған сауалында Байқоңырдағы азаматтарымыздың мүддесін қорғауды сұрады.

Сонау 1994 жылы Қазақстанның орталығындағы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілгенді. Кейін яғни 2004 жылы кешенді жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған болатын. Ресей "Байқоңыр" кешенін жалға алған 27 жыл ішінде Қазақстанға 3 млрд доллардан аса немесе жыл сайын 115 млн-ға доллар төлеген деген мәлімет бар. Ресей жалдап отырған Байқоңыр қаласында сол елдің заңдары үстемдік етеді. Байқоңырда 77 мыңнан астам адам тұрса, оның 70 пайызы Қазақстан азаматы. Енді Байқоңырда тұратын қазақстандық төрт мың зейнеткер тегін медициналық көмек ала алмай отыр. Себебі, олар туралы деректер еліміздің Еңбек министрлігінің ақпараттық базасында жоқ. Депутат Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл азаматтар Ресей заңнамасының ережелері бойынша, оның ішінде 1996 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес зейнетақы алады.

Осылайша қазақстандық зейнеткерлер не Ресей, не Қазақстан заңымен қорғалмай отыр.

Сенатор үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында Байқоңыр қаласындағы мыңдаған қазақстандық тұрғындардың сапалы медициналық қызмет ала алуына мүмкідік жасауды талап етті. Депутат осы азаматтарды еліміздің ақпарат жүйесіне енгізуді, тиісті қаржыландыру мәселесін шешуді және мемлекеттік жарна төлейтін адамдардың жеңілдетілген санатында болуын қамтамасыз етуді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.