Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАЛА МА?

c 09:37, 14/07/2021 c 703

0:00 / 0:00

Елде маусымдық көкөніске баға шарықтап, рекордтық деңгейге жеткенді. Ет пен сүт, жұмыртқа өнімдерін айтпағанда, картоп пен сәбіздің қымбаттауы елдің есін шығарды. Еске сала кетейік, мамыр айының соңы мен маусым айында елде картоп пен сәбіз бағасы қатты көтерілген болатын. Сауда министр бұған дейін мұның себебін былтыр экспорттың рекордтық деңгейге жетіп, елдегі тапшылыққа байланысты туындағанын атап өткенді. Қазір баға сәл ғана төмендеді. Бақыт Сұлтанов күзде баға тұрақталады деп сендіреді. Алайда, шенеуніктер әлі күнге дейін көкөніс сақтайтын көтерме-тарату орталықтарын құру мәселесін толық шеше алмай отыр. Министр болса бұл  күнде шешілетін мәселе емес деп ақталды.

Елде көтерме-сауда орталықтарын құру  мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей отыр. Тіпті, бұл шаруаға Президент араласып, үкіметке тапсырма жүктеді. Сауда министрі тиісті қоймалардың болмауы шаруалардың шығынына, өнімді ел ішінде бөлуге тікелей әсер ететінін, мұның соңы сөрелердегі азық-түліктің қымбаттауына әкеп соғатынын жақсы түсінеді. Бірақ қолында тұрған шаруаны тындыруға уақыт керек, бір күндік мәселе емес деп ақталды. Өткен жылы министрдің 2021 жылдың өнімін қамтитын көтерме-тарату орталықтарын саламыз деген уәдесі болғанды. Ол шаруа да аяқсыз қалды. Алайда   Сұлтанов бұл үшін  өзін жауаптымын деп тұрған жоқ. Енді 2022 жылдың ауыл шаруашылық өнімін сақтайтын орталық саламыз дейді.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ – ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ "Көтерме-тарату орталықтарының болмауы ауыл шаруашылық өнімдерінің тапшылығына, қымбататуына әкеп соғады. КТО құру бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Тиісті жұмыс кестесі бар. Бірінші кезеңде жеті көтерме-тарату орталығы бойынша келісімшарттар бекітілді, жұмыс басталды. Біз енді инвесторлармен 2022 жылдың өніміне үлгеруге тырысамыз"

Дегенмен бұл бүкіл қажеттілікті жаппайды. 24 көтерме-тарату орталығының 15-і – агрологистикалық орталықтар. Олар ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін орындарда орналасады.Өздеріңізге мәлім, елде картоп пен сәбіз бағасы шарықтаған сәтте министр көрші елдерге барып, картоп іздеп кеткенді.Министрдің айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер өнімді жеткізуге қатысты көрші елдердегі келіссөздерге барған.Көрші Өзбекстанда да сәбізбен осындай проблема болыпты. Күз кезінде картоп пен сәбізге баға айтарлықтай түседі деп болжап отыр. Дегенмен, елде қуашылық орын алып, малға тиген жұт салдары еттің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін.

Сәбіздің ел ішінде тапшы болуына  егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды, - дейді министр. Ал биыл картопты төмен бағамен экспорттаудың салдарынан отандық өнім қорлары 3 есе қысқарған. Сол себепті Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна қымбат картоп сатып алынған. Оның бағасы отандық картопқа қарағанда үш есе жоғары. Бақыт Сұлтанов бұған картоп егуді қолға аламй отырған ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарды кіналады.  Не керек, шенеуніктер бір-біріне кінәны артып отырғанда,  қымбатшылықтан халықтың қалтасы тесілді. Байтақ жерде көкөніс өсіріп, пайда көргісі келетін шаруалар баршылық. Алайда, маңдай термен өсіріп,жинаған өнімін сақтайтын жер болмаса, іріп-шіріп кеткен көкөнісін қайда жібереді. Сондықтан үкімет көтерме –тарату орталықтарын құрмай, бұл шаруа бір жолға қойылмайтын сияқты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.