Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНДА

c 11:52, 11/04/2023 c 116

0:00 / 0:00

Қазақстан мен Әзербайжан сауда-экономикалық салада өзара тиімді негізде ынтымақтасады. Бұл жайында Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің екі жақты кездесуі барысында айтылды. Өздеріңізге мәлім, Әзербайжан басшысы қазақ жерінде жұмыс сапарымен жүр. Ақордада өткен жоғары деңгейдегі кездесуде, екі ел басшылары Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан мұнайқұбыры арқылы Еуропаға тасымалдау жолдарын талқылады. Сондай-ақ, Өазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізу қажеттігі айтылды.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті Ақорда салтанатты түрде қарсы алды. Көк кілем төселіп, Құрметті қарауыл бастығы президенттерге рапорт берді. Екі елдің әнұраны ойналды. Бұдан әрі қазақ-әзербайжан басшылары екіжақты шағын және кеңейтілген отырысқа қатысуға кетті. Ақордада өткен кездесуде Қазақстан мен Әзербайжанның сауда-экономикалық және инвестициялық жобалар, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымға қатысты жобалар талқыланды.

Тоқаев пен Әлиев қазақ мұнайын тасымалдау мәселесін де айналып өтпеді. Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан мұнайқұбыры арқылы Еуропаға тасымалдау жолдарын талқылады. Қазақстан Президенті Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін толық ашу үлкен маңызға ие. Әңгіме логистикалық қызметтерді жақсарту, бірыңғай көлік операторларын құру, техникалық және тарифтік шарттарды жаңғырту, әкімшілік кедергілерді жою және жабық логистикалық циклды қалыптастыру туралы болып жатыр, - деді.

Өздеріңізге мәлім, соңғы кездері Каспий мұнай тасымалдау Консорциумы арқылы қазақ мұнайын тасымалдауда проблемалар орын алуда. Осы жағдай қазақ билігін мұнайды еуропаға шығарудың басқа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Бұл орайда Әзербайжан арқылы тасымалдау мүмкіндігі туды.

Әзербайжан Президентінің Астанаға ресми сапары аясында екі ел арасындағы 6 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде ақпарат саласы, Әзербайжан диаспорасымен жұмыс, ғылымды дамыту, медиа, Қазақстан мен Әзербайжан экспорттық-импорттық тауарлар тізімін кеңейту мәселелері қамтылды. Ал екі елдің тауар айналымын экономикалық әлеуетті пайдалана отырып, 1 миллиард долларға дейін жеткізуге келісті Президенттер. Ол үшін энергетика, көлік, логистика, IT, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тағы басқа салаларда айтарлықтар резервтер бар, – деді өазақ басшысы. Бүгінде қазақ жерінде Әзербайжанның 900 компаниясы өз ісін жүргізіп жатса, Әзербайжанда 150 қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр.
Стендап

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.