Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Автобустар жаңаcына ауыстырылмақ

c 17:22, 29/11/2017 c 638

0:00 / 0:00

Қаладағы қоғамдық көліктердің сапасыздығы шешілмей жүрген мәселенің бірі. Осы тұрғыда үкімет билігі қолға алып, шағын және ескі автобустарды жаңа шетелдік көліктерге ауыстырмақшы. Бұндай игі іс бүгінде келіссөздер арқылы қаралып жатыр.

Қоғамдық көліктердің мәселесі азаймай тұр. Бірі қызметінің сапасыздығын айтса, енді бірі көліктердің ескіріп немесе шағын автобустардың көп екенін алға тартуда. Осы жағдайға байланысты үкімет билігі жақын күндері қоғамдық жолаушы тасымалдайтын автобустарды жаңа шетелдік автобустарға айырбастамақшы.

Қазірдің өзінде шетелдік көлік шығаратын компания өкілдерімен келіс сөздер жүргізілуде. Алдағы күндері шағын қоғамдық көліктер тізімнен шығарылып, оның орнына жаңа шетелдік кең автобустар қоғамдық жолаушылар тасымалдайтын қызмет көрсетпек. Осындай игі істің бастамасы игілігін берсе нұр үстіне нұр болары хақ.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.