Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылға жетпей жатқан интернет

c 18:33, 28/10/2019 c 510

0:00 / 0:00

Ауылға кең жолақты интернет жетпей жатыр. Мәжіліс депутаттары  үш мыңнан аса ауылда жоғары жылдамдықты интернет бар деген министр Асқар Жұмағалиевтің сөзіне сенімсіздік танытты. Депутат Нұртай Сәбильянов  әр ауылға барып, интернет жоқ екенін көріп, ұялып қайтамыз деді. Ал Мәжілісмен Омархан Өксікбаев цифрландыру аясындағы салық органдарының сапасыз жұмысын сынады. Ол жақында салық төлемеген депутаттар тізімінің көпке жария болғанына ашуланды. Бүгін мәжілісте өткен  үкімет сағатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ауылдарды интернетпен қамту жөнінде есебі тыңдалған болатын.

Цифрлық дамуды тізгіндеген министр Асқар Жұмағалиевтің сөзіне сенсек, елде 117 қала мен 3 324 ауылға кең жолақты интернет тартылған. 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 97%-і кең жолақты интернетке қосылады. Алайда, министрдің аптимисті бұл есебіне депутаттар сенбей отыр. Мәжілісмен Сәбильянов, құзырлы органдар жалған ақпарат береді деп сынады. Министрліктің мәлімтенше, еліміздегі  Beeline, Кселл, Теле2 операторлары соңғы екі жылда  1600 ауылды 3G интернетпен қамтамасыз етті. Алайда, депутат мұндай мәліметті атаулы операторлардан ала –алмағанын айтады.  Сәбильянов шағын ауылдарды айтпағанда, бір мың тұрғыны бар ауылдарда жоғары жылдамдықтағы интернет жоқ дейді.

Министрдің сөзіне көз жеткізу үшін депутат сол үш мың ауылды аралауға дайынмын деді. Сондай-ақ, елде  интернет сапасы сын көтермейді деген пікір де айтылды. Депутаттардан сөз естіп шыққан министр, сапа үшін жұмыс істейміз деп қысқа жауап қайырды.

Айтпақшы, интернет  жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте былтыр 57-орында болса, биыл 64-ші орынға  түсіп қалған. Ал үш  жылдан соң 5G желісін қосыламыз деген аптимисті жоспар бар. Сондай-ақ, мәжілісмендерді цифрландыру аясындағы салық органдарының сапасыз жұмысы алаңдатып отыр екен. Өткен аптада ғана бүкіл елге жария болған салық төлемегендер тізімінде депутаттардың да аты-жөні жарқ ете қалған болатын. Алайда,салықтан қашты деп сынға іліккен депутаттар бұған ашулы.

Осылайша, өздеріне қатысты артық мәліметтің шығып кеткені алаңдатты ма, кім білсін мәжілісмендер интернет қауіпсіздігі, мәліметтердің көпке жария болуы мәселесіне көп көңіл бөлуді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.