Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылға  арман болған интернет

c 09:34, 04/06/2021 c 656

0:00 / 0:00

Қазір интернетсіз отырған 1200 ауыл алдағы екі жылда  арманына қол жеткізуі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шағын ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету қалай іске асатынын айтты. Қазақстанда 6459 ауылдың 5300-і интернетке қосылған. Бірақ соның 510-ында интернет сапасы өте төмен дейді министр.Бұған дейін 50 тұрғыны бар ауылдарды да интернетпен қамтимыз деген уәде болғанды.

Цифрлы Қазақстанда ауыл халқының бәрі бірдей заманауи технологияны пайдаланып отыр деп айту қиын. Электронды үкімет, қызмет түрлерін автоматтандыруды қолға алып, онлайн отырып тіркеліп, қашықтан оқуды меңгеріп жатқанымызда, ауылдықтар мұның бәрінен мақұрым қалып отыр. Цифрлық даму министрі бүгінде 6,5 мыңға жуық ауыл болса, соның 5 300 де интернет бар. Бірақ бәрінде бірдей сапалы байланыс жоқ дейді.  Бағдат Мусин 2023 жылға дейін ғаламторсыз отырған 1200 ауылдың тең жартысы заманауи игілікке қол жеткізеді деп сендіреді.

Интернетті армандап шарашаған ауылдарға  шетелдік компаниялармен келісімге отырып,  интернет тартудың пилоттық жобалар іске асырылмақ. Ол ауылдардың мәселесін екі жолмен шешеміз дейді министр. Бірінші жолы- радиожиіліктер арқылы болады. Екінші жолы – төмен орбиталы жерсерік топтары арқылы интернет жеткізу көзделуде.  Келесі жылдың аяғында  интернет сапасы нашар 510 елді мекендегі жағдай түзелмек. Ал интернет мүлдем жоқ елді мекендердің тең жартысына төмен орбиталы жерсерік топтары арқылы байланыс жеткізіледі. Ал интернеті  жоқ ауыл балалары пандемия барысында қашықтан сабақ оқи алмай қалды. Сондай-ақ, министр брифинг барысында  аты шулы Ashyq қосымшасына келесі аптадан бастап  вакцина алағандардың мәртебесі енгізілетінін айтты.

Бағдат Мусин – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі «Біз денсаулық сақтау министрлігімен бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Келесі аптаның басында бізде барлық вакцина алған адамдар Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болады. Қазір біз оны Ashyq функциясы деп атаймыз. Себебі ол бірнеше қосымшаларда қолжетімді болады»

Өздеріңізге мәлім, Ashyq қосымшасына қатысты халық арасында наразылық білдірушілер көп. Қосымша азаматтардың мәртебесін дұрыс көрсетпей, жиі шатысады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.