Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылда телефон байланысы қымбаттай ма?

c 10:00, 16/04/2020 c 416

0:00 / 0:00

Үкімет ауылдағы телефон байланысына тарифті екі-үш есеге өсіруге мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынып, Мәжіліс депутаттарынан сөз естіді. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің онлайн жалпы отырысында  депутаттар  бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын талқылады. Онда  үй телефоны қызметінен субсидиялауды алып тастау туралы нормаға қарастырылған. Яғни теелфон үшін ауылдықтардың қалтасы қағылады. Алайда, мәжілісмендер бұл нормаға қарсылық білдіріп, өткізбей қойды.

Ресми статистикаға сүйенсек,  Қазақстанда 7,5 мыңнан астам ауыл бар екен. Халықтың 42 пайызы ауылда тұрады. Алайда, осы ауылдардың 1,5 мыңы болашағы жоқ ауылдар қатарына кіріп отыр. Ағымдағы жылы осы ауылдарды әлдеқайда болашағы бараау деген ауылдарға көшіру көзделген. Алайда болашағы бар деген ауылдарда цифрландыру жанданып тұрған сәтте интернет, ұялы байланыс деген атымен жоқ. Цифрландыру министрлігінің мәліметінше, 3 мыңнан аса ауылға кең жолақты интернет тартылған. 2020 жылдың соңына дейін халық саны 250 адамнан асатын 1 мыңнан астам ауылды мобильді интернетпен қамтамасыз ету көзделген. Өздеріңіз аңғарғандай елдегі ауылдардың жартысында ғана интернет бар. Бүгінде қақалықтар үшін аса қажет болмай қалған телефон байланысы ауылдықтарға ауадай қажет. Оларда ұялы байланыс, интернет жоқ. Ал үкімет ұсынған бизнес ахуалды жақсартуға арналған заң жобасында, ауылдардағы телефон байланысына тарифті үш есеге өсіру көзделген норма бар. Мұны талқылау барысында байқаған депуттар қарсылық білдірді. Жобада  ауылдарда байланыстың әмбебап қызметтерін субсидиялауды алып тастау нормасы қарастырылған. Мәжіліс төрағасы жалпы отырыста  заң жобасын қорғауға келген шенеуніктердің бұл әрекетін әбден сынады.

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; "Шынын айту керек, қазір ауыл емес, қаланың өзінде интернет нашар. Оны жақында бәріміз де көрдік. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні көптеген ауылда бір ғана сапалы байланыс бар, ол телефон. Қазір оған ауыл тұрғындары айына 670 теңге төлейді. Ал субсидия алынып тасталса, бұл сома екі-үш есеге өседі. Халық оны қалай төлейді? Неге оны ойламайсыздар? Монополист тарифті көтеруге мәжбүр болатыны түсінікті. Бұл тұтынушылар үшін байланыс қызметінің қымбаттауына әкеп соғады. Осының салдарынан ауыл тұрғындары жалғыз байланыс көзінен айырылуы мүмкін, өйткені оларда басқа балама коммуникация құралы жоқ"

Бұл дегеніміз 630 мың абонент. Яғни  ауылдардағы барлық абоненттің 98% құрайды. Спикер үкімет мүшелерінен ауылдағы телефон байланысын мемлекеттік бюджеттен субсидиялауды сол күйі қалдыруды талап етті. Дәл осы субсидия жүйесімен  ауылдарға интернет тартуды көздеп отырған Цифрлық даму министрі Асқар Жұғамағалиев те бұл кемшілікті мойындап отыр. Сол себепті осы субсидияның сақталғаны дұрыс деп ақталды ол. Төрағаның  сынына ұшыраған  вице-пермьер  Әлихан Смайылов та  өздері ұсынған норманың дұрыс емес екенін мойындады.

Әлихан Смайылов –ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Ауылдар үшін телефон қызметі тарифінің қымбаттауына жол берілмейді. Субсидиялау схемасы бұрынғыша қала береді. Жеке мемлекеттік органдар заң жобасын мақұлдау кезінде ауылдық елдімекендер бойынша байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін ұсыныстарын берген. Сол кезде бұл норма заң жобасына байқаусызда кіріп кеткен секілді. Дау тудыратын норма екенін сезіп, заң жобасынан алып тастау керектігін ұсынамыз»

Осылайша, байқаусыздан ұрланып кірген норма заң жобасынан алынып тасталатын болды. Мемлекет ауылдағы телефон байланыстарын субсидиялауға алдағы үш жылға  8,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Бүгінде ауылдықтар телефон байланысы үшін ай сайын 670 теңге төлейді. Осы жобаны ұсынған  үкіметтегілердің шикілігін  депутаттар байқамағанда, ауылда телефон байланысы үш есеге қымбаттап кетер ме еді....

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.