Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ЖАСТАРЫ ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР

c 16:41, 16/03 c 28

0:00 / 0:00

NEET санатындағы жастар тобы ұғымы соңғы жылдары кеңінен қолданыла бастады. Ондай жастардың бары бұрын да мәлім болған.Бірақ мемлекет бұл санаттағы жастарды ресми тіркеуге енді кіріскен.  NEET терминінің мағынасын ашатын болсақ,  "не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді. Ал Қазақстанда бұл санаттағы жастар саны 400 мыңды құрап отыр. Бұл алаңдайтын дерек дейді депутаттар. Соның ішінде ауыл жастарының жұмыссыздық мәселесі ушығып тұр. Ал елдің дамуын тежейтін фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы. Әрине үкімет Мемлекет жастарды жұмыспен қамтуға арналған түрлі бағдарламаларды әзірлеген. «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Жас кәсіпкер» сияқты жобалар бар. Бірақ олар дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Қазақстандық жастар жұмыс істеуге құлықсыз ба, әлде мемлекеттік бағдарламалар қауқарсыз ба?NEET санатындағы жастар тобы ұғымы соңғы жылдары кеңінен қолданыла бастады. Ондай жастардың бары бұрын да мәлім болған.Бірақ мемлекет бұл санаттағы жастарды ресми тіркеуге енді кіріскен.  NEET терминінің мағынасын ашатын болсақ,  "не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді. Ал Қазақстанда бұл санаттағы жастар саны 400 мыңды құрап отыр. Бұл алаңдайтын дерек дейді депутаттар. Соның ішінде ауыл жастарының жұмыссыздық мәселесі ушығып тұр. Ал елдің дамуын тежейтін фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы. Әрине үкімет Мемлекет жастарды жұмыспен қамтуға арналған түрлі бағдарламаларды әзірлеген. «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Жас кәсіпкер» сияқты жобалар бар. Бірақ олар дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Қазақстандық жастар жұмыс істеуге құлықсыз ба, әлде мемлекеттік бағдарламалар қауқарсыз ба?

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Республика бойынша «NEET» санатындағы, атап айтсақ жұмыссыз жүрген жастардың үлесі 7,1% құрайды – бұл 379 мыңнан астам азамат. Ауыл жастарының осы санатта айтарлықтай үлесі бар екенін түсінеміз. Жастар табыс іздеп, үш ірі магнит-қала  Астана, Алматы, Шымкентке ұмтылады. Мысалы, жыл сайын Астанаға 30 мыңнан астам адам көшіп келіп жүр».

Ал ірі қалаларға арман қуып келіп жатқан ауыл жастары мақсатына жетіп жатыр ма? Құрылыста, базарларда арба сүйреп жүргендер түгел ауыл балалары.

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ « Көші-қон ағынының негізгі үлесін еңбек тәжірбиесі мен практикалық дағдылары жоқ ауыл жастары құрап отыр. Әдетте, қалаларда олар уақытша және жалақысы төмен жұмыстармен айналысып, құрылыс алаңдары мен базарларда нәпақа іздеп жүр.Біліктіліктің жоқтығынан туындыған төмен табыстар ауыл жастарын қарызға итермелейді, ал бұл болса әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсерін тигізуі мүмкін».

Бұл қарқынмен үкімет Мемлекет басшысының  2029 жылға қарай NEET санатындағы жастардың үлесін 3,5%-ға, яғни екі есе төмендету туралы тапсырмасын орындай ала ма? Мәжілісмен Дайрабаев Астана қаласы әкімдігінің пилоттық режимдегі ауыл жастарына арналған  «JOLTAP» жобасын барлық өңірге енгізу керек дейді. Бұл жоба аясында сұранысқа ие электр-газбен дәнекерлеуші, тігінші, видеомонтаждау, графикалық дизайн сияқты 13 цифрлық дағдылар мен жұмысшы мамандықтары бойынша тегін қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылған, әрі қарай жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі.7 ай ішінде 7 мыңға жуық адам жоба мүмкіндіктерін пайдаланып, 1 200-ден астам азамат осы оқуды оқыған, 1 100 адам жұмысқа тұрған дейді депутат.  Жалпы Қа-зақстанда Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.