Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ҚАШАН ДАМИДЫ?

c 14:05, 20/03 c 23

0:00 / 0:00

Үкіметтегілер жиналып ауылда қалай дамытамыз? Бүгінгі күнге дейін не шаруа жасалды? Ауылдықтардың басты проблемасы –жол, медицина, білім беру мәселелерін талқылады. Бүгінде 6 256 ауылда 7,6 млн адам тұрады. Бұл жалпы халық санының 38,4 пайызын құрайды. Өзіңіз байқағандай, ауыл халқының саны азайып барады. Ауылдан қалаға көшу үрдісі тоқтар емес. Себебі, ауылда жұмыс жоқ, жол сапасы өте нашар, медицина мен білім беру жүйесі тұралап қалған. Интернет сапасы да сын көтермейді. Бірақ ауылды дамытуға қыруар қаржы бөліп жатырмыз, ауылдарды дамытып жатырмыз деген сансыз баяндамалар көп. Премьер-министрдің өзі ауылдардықтрдың басқа елді-мекендерге барып емделуге, оқуға мәжбүр болып жатқанын жоққа шығара алмады. Ауыл мектептері аз. Денсаулық сақтау ғимараттары тапшы.

Ауыл-ел бесігі. Ауылды дамыта отырып, ел экономикасы дамитыны сөзсіз. Бұл орайда еліміздің бай-бағландары да қарап қалмай, ауылды дамытуға үлес қосқаны жөн болар. Үкімет басшысы бизнестің алдында әлеуметтік жауапкершілік барын еске салды.

Сондай-ақ, халық саны 10 мыңнан асқан ауылдарға қала мәртебесін беруге болады деді вице-премьер.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше биыл 500-ден астам ауылда 1,4 мың жоба іске асырылмақ. 176 ауыл Wi-Fi hotspot технологиясына қосылды және Starlink спутниктік жүйесін пайдалана отырып, шалғайдағы ауылдық мектептерді қосу бойынша пилоттық жоба басталды. "Ауыл аманаты" жобасы аясында 79 млрд теңгеге 12,7 мың жеңілдетілген шағын несие берілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.