Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ҚАШАН ДАМИДЫ?

c 09:42, 18/01/2023 c 91

0:00 / 0:00

2023 жылы 736 ауылда 143 млрд теңгенің 1,5 мың жобасы іске асырылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді. Бүгінде елімізде 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн жуық адам тұрады. "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90% қамтылған 3,5 мың ауыл іріктелді. Елді мекендерді дамыту үшін 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды дейді министр. Дегенмен, ауылды дамытуға арналған қыруар қаржатты дер кезінде игере алмай жатқан өңірлер де жоқ емес. Үкімет отырысында "Ауыл – ел бесігі" жобасы талқыланған еді.

Ұлттық экономика министрінің әдемі баяндамасына сенсек, ағымдағы жылы 736 ауылда 143 млрд теңге сомасына 1,5 мың жобаны іске асыруды жоспары бар. Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, әлеуметтік инфрақұрылымдар, ауылішілік жолдарды қайта жөндеу шаралары қарастырылған. 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды деген есеп бар. Қуантыровтың дерегінше, өткен жылы 577 ауылдық елді мекенде 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді. Алайда, қазына қаржысын дұрыс игере алмай жатқан өңірлер жоқ емес. Қаражаттың ең төмен игерілуі Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр. Аталған өңір әкімдері премьер-министрдің сынына ілігіп қалды.

Шекарадағы ауылдар мәселесі де бұл жобада көрініс тапқан. Мәлім болғандай шекарадағы ауылды мекендерде әлі күнге дейін отандық телеарналар көрсетілмейді.

Бүгінде елімізде 6 293 ауылдық елді мекен болса, онда 7 млн 800 мың адам тұрып жатыр.Үкіметтегілер әлеуеті төмен, болашағы жоқ ауылдардың инфрақұрылымына ақша шығарудың қажеті жоқ дейді.

Бас экономистің мәліметінше, соңғы 15 жылда ауылдан қалаға көшкендер саны артып, ауыл халқының саны 47 пайыздан 40 пайызға төмендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.