Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ҚАШАН ДАМИДЫ?

c 20:03, 25/04/2022 c 426

0:00 / 0:00

Ауыл қашан дамиды? Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатындағы басты сұрақ осы болды. «Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша депутаттардың алдында есеп берген Ұлттық экономика министірне қойған сұрақтарына мардымды жауап ала-алмаған депутаттар қатты ашуланды. Жылда бөлініп жатқан қыруар қаржыдан, дамып жатқан ауылды көріп отырған жоқпыз дейді олар. "2019-2021 жылдары 206 млрд теңге бөлініп, 2,6 мыңнан астам жоба жүзеге асырылды. Бұл 250 тұрғын үй-коммуналдық, 676 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын және 1,7 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы нысанын жаңғырттық -дейді Ұлттық экономика министрі. Алдағы 4 жылда ауылды дамытуға 670 миллиард теңге қажет болады. Бұл 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 миллион тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді- деп отыр Қуантыров. Алайда министрдің сандары депутаттарды сендіре алмады.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша бөлінген қаражаттарды, экономика министрі тізбектеп шыққан жобаларды көрсеңіз бізде ауыл гүлденіп кеткен. Ал іс жүзінде жолы жоқ, интернеті сапасыз, медициналық мекеме атымен жоқ, мектептерде білім сапасы сын көтермейді дейді депутаттар.

Өткен екі жылда ауылға 206 млрд теңге бөлініп, 2,6 мыңнан астам жоба жүзеге асырылып тастапты. Енді үікмет алдағы төрт жылдың қамына кірісіп кетіпті. Алайда, мәжілісмендер бұл сандарға сенбейді. Экономика министрі болса бүкіл шаруаны тындырып қойғандай, елді мекендерде инфрақұрылым мәселесін шешу үшін тағы 670 миллиард теңге бөлінеді деп отыр. Ауылдағы 7 миллилон тұрғынның қамын қамти алмай отырған шенеуніктердің жұмысында жүйелік жоқ дейді мәжілісмендер.

Ал бір ғана ауылда болған министр бүкіл ауылдың проблемасын қалай шешпек?

Ал биыл «Ауыл- ел бесігі» жобасы бойынша 140 млрд теңге жоспарланған. Сондай-ақ президенттің тапсырмасына сәйкес батыс және оңтүстік облыстардағы ауылдарға 20 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ақшаға мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары салынады және жөндеуден өтеді дейді ол.Өкінішке орай министр мырза ауыл тұрғындарының қанша жалақы алатынын да білмейді екен.

Еліміздің бас экономисі жалып қазақстандықтардың орташа жалақысы 275 мың теңгеге жеткеніне сенеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.