Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУҒАНСТАННЫҢ ТАҒДЫРЫ

c 09:53, 17/08/2021 c 826

0:00 / 0:00

Ауғанстанның тағдыры әлемді алаңдатып отыр. Еске сала  кетейік, "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан бойынша шұғыл кеңес өткізді. Ол жерде Қазақстан Ауғанстандағы шиеленістің ушығуына алаңдайтынын және не болып жатқанын мұқият қадағалап отырғанын айтты. Бүгін мемлекет басшысы тағы бір кеңес өткізді, онда елдегі күштік құрылымдарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды.

Ауған елінің тағдыры не болмақ? Бұл жағдай көршілес, әріптес елдерге қалай әсер етеді? Қазақстандық сарапшылар Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Онлайн режимде өткен жиыннан тілші репортажы.

"Талибан" қозғалысы  Ауғанстанда соғыс аяқталғанын мәлімдеді. Жақын арада елдегі басқару формасы бекітіледі. 20 жылға созылған соғысты тоқтаттық деп мәлімдеп отыр. Айта кетейік, «Талибан» қозғалысы Қазақстанда тиым салынған ұйым болып табылады. 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани елден кетті. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, Ауғанстан Президенті отбасымен Өзбекстанды паналап жатыр. Ашраф Ғани өзінің фейсбук парақшасында «қантөгістің алдын алу үшін өкілеттігінен бас тартқанын» мәлімдеді.  Ал талибандар ауғандар мен елдегі дипломатиялық миссиялар қауіпсіз өмір сүретініне кепілдік береміз. Барлық ауған басшысымен диалогқа дайынбыз және оларды қорғаймыз, мемлекеттермен байланысты сақтаймыз деген. Алайда, қазақстандық сарапшылар Ауғаннан келетін қауіп жоқ емес дейді.

СҰЛТАН ӘКІМБЕКОВ  - «АФГАНСКИЙ УЗЕЛ И ПРОБЛЕМЫ БЕЗОПАСНОСТИ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ «Бізді алаңдатып отырғаны-діни экстремизм. Экпорттық идеология. Бұл факт. Ресей Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдермен  шекараны қорғауды қолға алады. Шекара ең осал тұсымыз. Алайда,бұл жағдай бізге көлік дәлізін құруға кедергі бола алмайды. »

Сарапшылардың пікірінше, талибандар шекарада медреселер салып, діни білім береміз деген сылтаумен жақтастарын тартатын болады. Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі болған Өміртай Бітімов, «Талибан» қозғалысын елді басқару жолында көп кедергілер күтіп тұр. Жалпы ауған халқы әртүрлі күштердің құралына айналып, бақытсыздыққа ұшырап отыр дейді.

ӨМІРТАЙ БІТІМОВ -  ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУҒАНСТАНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ ЕЛШІСІ «Ауғанстан халқы бақытсыздыққа ұшырап отыр. Әртүрлі күштердің құралына айналды. Билікке келгендердің бәрі бұл елді күшпен жаулап алып, күштеп бақытты қылуға тырысуда. Талибандар да бейбіт жолмен келдік деп отыр. Незігінде күшпен басып алды. Оны мойындаймай ма, мойындамай ма? Енді олар ел экономикасын, идеологиясын жүргізуі керек. Бұл орайда олар ақсайды. Бәрі Ислам Әмірлігі десе мойындамаймыз деп отыр. Батыс, жетекші елдердің көзқарасы анау. Талибандарда проблема жетерлік».

Сарапшылар бұл оқиғаға «бұл бұрыннан пісіп-жетіліп тұрған жағдай», деп баға беріп отыр. Осыған дейін тәліптер Ауғанстанды жарты жылда басып алады делінгенімен, қазіргі режим америкалық әскер шығарылған соң құлайтыны белгілі болатын. Экс-елші Бітімовтің айтуынша, Ауғанстан елінде әскерлер, қауіпсіздік күші, бюджет донорлар есебінен қолдау тауып тұрды. Әскердің жабдықталуы да жоғары болды. Ал жағдайдың  осылай аяқталуына негізгі себеп – биліктің ішкі жүйесіздігі. Бұл елде қарапайым халық әділетсіздік орын алса, жәбірлеушіні таба алмай, «дала командирлеріне» жүгіну орын алған.  Осы оқиғадан соң, Қазақстан Ауғанстаннан 70 мың азаматты қабылдайды деген ақпарат тарағанды. Алайда, еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айта кетейік,Қазақстан Ауғанстанға бидай ұнын экспорттап отырған ең ірі тасымалдаушы болып табылады. Өткен жылы Қазақстан экспортының көлемі 622 млн долларды құрады. Оның 54 пайызы ұн экспортына тиесілі. Қалғаны – жанар-жағар май, темір, май өнімдері мен көкөніс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.