Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әуежайдың жайы

c 11:54, 03/10/2020 c 687

0:00 / 0:00

Елордадағы «Н. Назарбаев» халықаралық әуежайы жекенің қолына өтеді деген қауесетке нүкте қойылды. Әуежайдың басқарма басшысы Ғәбит Тәжімұратовтың айтуынша, Назарбаев әуежайы 100 пайыз мемлекеттің меншігінде қалды. Ал панедмия барысында әуежайлардың кірісі төмендеді. Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың соңғы тоғыз айында кіріс көзі 73 пайызға қысқарған. Пайданың басым бөлігін халықаралық рейстен көретін әуежай үшін, бұл оңайға соғып отырған жоқ. Дегенмен,қызметкерлерімізді, олардың жалақысын сақтап қалуға тырыстық дейді басқарма басшысы.

«Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы әуежайдың халықаралық рейстер ұшатын терминалы бос. Бүгінгі күні тек 3-4 елге ғана  әуежай бағыты жұмыс істеп тұр. Әрине елдің ішкі рейстері жұмысы істеп жатыр. Дегенмен, әуежайдың табысының басым бөлігі осы халықаралық бағыттағы рейстер есебінен құралады. Оған қоса терминалдағы жалға берілген бутиктер, тамақтанатын жерлер түгел жұмысын уақытша тоқтатқан. Осылайша әуежай кірісі 73 пайызға қысқарып отыр. Әуежайдың жылына 8 миллион жолаушы қабылдауға қауқары бар. Алайда, пандемия барысында жолаушылар саны 2 миллионға толмай отыр. Бұл соңғы тоғыз айдағы көрініс.

Сондай-ақ, қауіпті індеттің таралуы барысында қызметкерлердің жұмысын, жалақысын сақтап қалуға тырыстық дейді Тәжімұратов. Әрине квазисекторда қызметкерлер санын 10 пайызға қысқарту жүріп жатыр. Алайда, әуежай басшысы өндірістегілерді қысқарта алмаймын, онсыз да маман жетіспейді дейді. Ал осыған дейін Назарбаев әуежайы сатылып, жекенің қолына өтеді деген қауесет тарағанды. Басқарма басшысы әуежайымызды қорғап қалдық дейді. Яғни 100 пайыз мемлекеттің меншігінде

Дегенмен, тығырықтан шығу үшін табыс көзін іздеу мақсатында, елордадағы әуежайда Сапар лоундж ашылды. Халықарлық Priority pass  клубының залы жұмысын бастады. Осы клубтың картасын сатып алған жолаушы ұшақты күту барысында көпшілік залда отырмай, барлық жағдай жасалған мына виб залда күте алады. Бұл жерде клуб мүшесімін деген картаңызды көрсетсеңіз болғаны, ыстық тамағыңыз бен шайыңыз алдыңызда, демаламын десеңіз жұмсақ креслолар бар. Жұмыс істеуге де ыңғай жасалған. Балалардың ойын алаңы да осы жерде. Тек бұл рахат ақша тұрады. Клубтың бір жылдық абонемент картасы 200 еуроны құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.