Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әуе жолдары уақытша жабылды

c 17:18, 18/03/2020 c 580

0:00 / 0:00

Орал халықаралық әуежайы Мәскеу және Франкрут бағытындағы халықаралық әуе рейстерін уақытша тоқтаты. Атап өтсек бүгін облыстағы шетел азаматтары өз елдеріне аттанып кетті. Бұл шаралар әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты қолға алынып отыр. Алматы және Нұр- Сұлтан бағытындағы қала аралық ұшу кестесі өзгереді ме?21-нен 22-сіне қараған түнінен бастап «Алматы» мен «Нұр - Сұлтан» қалаларына сапарлау толықтай уақытша тоқтатылады. Ал өңір тұрғындары аталған жағдайға түсіністік танытып, сапарларын кейінге қалдыруға міндетті. Бүгін облыс аумағында вахталық әдіспен қызмет ететін шетел азаматтары жұмыс кестесіне орай өз елдеріне ұшып кетті. Олардың діттегін жерлеріне жету жолына ешқандай кедергі жоқ. Әуе көліктері толықтай санитарлық тазалаудан өткен. Әуежай қызметкерлері де талапқа сай жұмыстарын атқаруда.Түсірілім барысында еліміздің бас қаласы Нұр- Сұлтаннан келген оралдықтармен сұқбаттасудың сәті түсті. Көңілдері күпті халық көкейдегі қорқыныштарын жасырмады.Осы орайда айта кеткен жөн, ресми деректерге сүйенсек, аты жаман дерт дендеген аждаха мемлекетте әліптің беті бері қайта бастады. Ал еліміздің бас дәрігері Біртанов бүгінгі сұхбатында 3-3,5 аптада жағдай тұрақтануы мүмкін деген болжам жасады. Сол себепті сабыр дегеннен басқа амал жоқ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.