Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауа-райының тосын сыйы

c 19:30, 09/04/2020 c 699

0:00 / 0:00

Төтенше жағдай барысында қауіпті індетпен күресіп жатқан қазақстандықтар үшін ауа-райының тосын сыйы соққы болып отыр. Екі-үш күннен бері еліміздің солтүстік аймақтарында толассыз жауған қар, адам қарасы көрінбейтін дауыл салдарынан 400-ге жуық нысан қирап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары жарықсыз қалып, әбігерге түсті. Енді еліміздің оңтүстік аймақтарында күн күрт суып бастады. Бұл аздай, көктемнің әлегі-қар еріп, өзендер арнасынан тасиды деген болжам бар. Бұл жайында бүгінгі өткен онлайн брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады.

Көктем келіп, ауа-райы тамылжып тұрған сәтте жаңбыр мен қар қатар жауып, дауылдатып кетеді. Яғни қыс қайта басталғандай әсер. Бесқонақ деген атына сай ауа-райының бұл тосын сыйы бес күнге созылады. Аңызға сүйенсек, "Бесқонақ" халыққа ауыртпалық түсіргенімен, жыл сайын осы мезгілде ауа райының бұзылуын қалайды екен. Себебі "бесқонақ" жауын-шашынсыз өтсе,  жаз жаңбырсыз өтіп, астық болмайды деп болжанады екен.   Міне табиғаттың бұл құбылмалы сәті биыл да орын алып отыр. Сәуірдің 6-нан бері еліміздің солтүстік өңірлерінде қар  жауып, боран соқты. 400-ге жуық ғимарат қирап, үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды.

Юрий Ильин – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары; «6-8 сәуір аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағында дауылды жел болды. Осының салдарынан аймақтар электр энергиясысыз қалды. Ғғимараттардың шатыры қирады. Жалпы алғанда, осы уақытта үш өңірдің аумағындағы 395 нысанға зақым келді, оның ішінде Ақмола облысында - 210, Қостанай облысында – 92, Солтүстік Қазақстан облысында - 93»

Вмце-министрдің айтуынша, қазір осы облыстарда дауылдың  салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.Солтүстік аймақтарда  үзілген электр желілерін қалпына келтіруге 17 бригада жұмылдырылыпты.

Енді бұл аздай, көктемнің әлегі басталады. Ильин мырзаның айтуынша,  Ақмола облысында қардың қарқынды еру байқалады. Бұл орайда Жабай өзені маңы, Атбасар ауданы аумағына қауіп төніп тұр.  Ал осы күндері бораннан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты ауылды мекенді ендігі су басты.

Юрий Ильин –ҚР ІІМ ТЖК төрағасы;  «Қостанай облысында су басқан ауыл бар, яғни Қарасу ауданындағы ауылда 60-қа тарта үй ауласында су деңгейі көтерілді. Кеше осы ауылдағы үйлерден тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді. Тиісті жұмыстар атқарылды. Осы орайда 30-ға жуық үйдің тұрғындары өз баспанасына кіре алады. Менің ойымша, ертең кешке қарай аталған елді мекенге қатысты қауіпті жоямыз»

Еліміздің оңтүстік аймақтарында да ауа-райы күрт өзгеріп,қар жауып жатыр. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді. Сондықтан вице-министр Юрий Ильин  аталған өңірдің тұрғындарына жолда мұқият болып,  осы күндері сақтық танытуға, ең дұрысы карантин барысында үйде отыруға кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.